Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
“МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ” кафедрасы
5B073200 – “Стандарттау, сертификаттау және метрология ”
(салалар бойынша)
Құрметті талапкер! Сіздердің қызық мамандықты тандап алуға және туған қалаңызда элитарды білім алуға жақсы мүмкіндігіңіз пайда болды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ - біздің аймақта сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификаттауын өткен және лицензиялау мен мемлекеттік аккредиттеу саласына сәйкес мамандықтар және бағыттар бойынша жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жоғары кәсіптік білімді (бакалавр, маман) кадрларды дайындау бойынша білім қызметіне қатысты сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын алған алғашқы ЖОО.
5В073200 – “Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)”
Білім – жоғары кәсіптік білім.
Академиялық дәрежесі – 5В073200 – “Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)” мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Бітірушінің атқаруға құқығы бар қызметтерінің тізімдері:
- стандарттау жөніндегі инженер;
- сертификация жөнінде инженер;
- инженер-метролог;
- техник-метролог;
- инспектор;
- ғылыми қызметкер;
- сапа бойынша менеджер.
Сабақтарды техника ғылымдарының кандидаттары А.И. Денчик, Н.С. Дудак, Р.Ө. Олжабаев, Т.Ш. Баймагамбетов жүргізеді.
Кафедра менгерушісі – техника ғылымдарының кандидаты, профессор И.А. Шумейко.
5B073200 – “ Стандарттау, метрология және сертификация” мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
Кәсіптік қызметтерінің салалары
Бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің салалары – нормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелер, процестер және жүйелерді құру, олардың өнімдері, өндірістері, қолданулары және метрологиялық қамтамасыз етулері, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктері, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділік, сонымен қатар білім шексіздіктерінде оқу процестерін ұйымдастыру, стандарттауға, метрологияға және сертификаттауларға қатынастары болу.
Кәсіптік қызметтерінің объектілері
Бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің объектілері болып өнімдер, процестер және жүйелер жатады; мекемелерді жабдықтау және зерттеу зертханалары; өлшеу әдістері мен тәсілдері, зерттеу және бақылау; стандарттау, метрология және сертификаттау мен менеджмент сапасы жүйелеріндегі нормативті құжаттар; ғылыми метрологиялық қамтамасыз ету, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметтер.
Кәсіптік қызметтерінің пәндері
Кәсіптік қызметтердің пәндері болып нормативтік және нормативті-техникалық құжаттар, өлшеу тәсілдері, зерттеу мен бақылау, метрологиялық қамтамасыз етулер жатады.
Жоғары базалық білім дипломын алған соң, түлектер білім деңгейін арттыру үшін және ғылыми, ғылыми-педагогикалық зерттеулермен шұғылдану үшін магистратураға түсіп оқуын жалғастыруына болады. Оқу жұмыстары арнайы зертханаларда және аудиторияларда жүргізіледі.
Кафедрада мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін күшті материалдық қор құрылды. Сабақтар қазіргі уақыттағы оқыту құралдарымен, соның ішінде есептеу техникасымен жабдықталған мамандандырылған аудиториялар мен зертханаларды өткізіледі.
Біздің мамандарымыз бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының машинажасау өнеркәсібінің дамуына ең қажетті болып келеді.
Кәсіптік қызметтерінің түрлері
5В073200 – “Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)” мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіптік қызметтердің келесі түрлерін орындай алады:
- ұжымдық-басқармалық;
- өндірісті-технологиялық;
- есептемелі-жобалық;
- эксперементті-зерттеулік;
- экспенциялық.
Біздің ЖОО-ң мақсаты – индустриалды дамыған мемлекет құруға болашақта қызмет ететін жоғары квалификациялған инженер кадрларын дайындау болып табылады.
Қабылдау шарттары:
- Оқуға түсу үшін БҰС-ның ережелеріне сәйкес төрт пән бойынша тест тапсыру қажет: үшеуі міндетті және біреуі тақдау бойынша (техникалық мамандықтары үшін физика).
- БҰС-ны өткен соң талапкер өзі жинаған балдарының мөлшері көрсетілген сертификат алады. Бұл сертификатпен талапкер таңдаған ЖОО-ның біреуіне өтініш береп, мемлекеттік білім грантын алу сайысына қатыса алады. Өтініште талапкер төрт мамандықты (4-ші пән бойынша) және мемлекеттік тапсырысты орындайтын бір немесе бірнеше ЖОО-ны көрсетеді. Өтініштегі көрсетілген бірінші ЖОО (бұл С. Торайғыров атындағы ПМУ болады деп үміттенеміз) және таңдаған мамандықтардың біріншісі сайыс таңдауының негізі болады.
Біздің университетімізге түсуіне болады:
- БҰТ немесе жиынтық тестілеудің нәтижелері бойынша орта жалпы білімді мектептердің түлектеріне. Оқу мерзімі: күндізгі 4 жыл.
Оқу мемлекеттік жалпы білімдік гранттар немесе жеңілдіктердің жүйесі бар ақылы негізінде өтеді.
____
БҰС – біріңғай ұлттық сынақтау
ЖОО – жоғарғы оқу орны
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
“МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ” кафедрасына
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Бізге мына мекен-жайға хабарласыңыздар:
140008 Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.,Ломов к., 64.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Академик Шөкин к., 139, Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
ТЕЛЕФОНДАР:
ММжК деканаты: 67-36-30
МжС кафедрасы: 67-36-33
Қабылдау комиссиясы: 67-37-73 (132А кабинеті)
Дайындық курстары: 67-36-50
|
Certified
by Russian Register |