|
МЕТАЛЛУРГИЯ, МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК ФАКУЛЬТЕТІМЕТАЛЛУРГИЯ КАФЕДРАСЫ |
Құрметті талапкер!
Сіздің алдыңызға өзіңізге сай мамандық таңдау сәті келді. Ол сіздің болашақ өмірдегі биік жетістіктерге қол жеткізу мен материалдық жағдайыңызды түзеуге жағдай жасайтын сәт.
Сіз мына мамандықтарды таңдап алады деген сенім артамыз.
- 5В070900 МЕТАЛЛУРГИЯ
Мынадай мамандандырулар бойынша оқуға болады:
- сұйық металлургия (қара);
- сұйық металлургиясы (түсті);
- қатты металлургия (илемдеу өндірісі және т.б.).
- 5В072400 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАР
Мынадай мамандандырулар бойынша оқуға болады:
- металлургиялық машиналар және жабдықтар;
- мұнай-химиялық өндірісінің машиналары және аппараттары;
Оқуды осы мамандықтар бойынша бітірген түлекке металлургия бакалавры және технологиялық машиналар мен жабдықтар бакалавры академиялық дәрежесі мен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Бакалаврдан кейін Сіз магистратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік аласыз.
ЖШС «LTD Мұнайхим компаниясы» негізінде металлургия кафедрасының филиалы ашылды.
Біздің «Металлургия» кафедрасының түлектері Қазақстанның ірі кәсіпорындарында «Қазақстан Алюминиі» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа зауыты», ЖШС «KSP steel», «Қазэнергокабель» АҚ, Қазақстан элекролиз зауытында, ЖШС «LTD Мұнайхим компаниясында» және Құбырилемдеу зауытында жұмыс істейтін болады.
МАМАНДЫҚТАР СИПАТТАМАСЫ:
Оқу бітіруші мамандардың кәсіби салаларына: қара және түсті металлургия зауыттары, илемдеу, құбырилемдеу, кен байыту фабрикалары, машинажасау зауыттарының металл құю және термиялық өндеу цехтары, аспапжасау зауыттары жатады.
Біздің мамандықтардың түлектері төмендегідей қызмет түрлерін атқара алады:
- өндірістік–технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарын, кен байыту, қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдар, металдарды илемдеу, құймалар және арнаулы материалдар алу, металдар мен құймалар өңдеу бағытында ғылыми – зерттеу жұмыстарын атқарады;
- жабдықтарды және бағдарламалы құрылғыларды реттеу, күйін келтіру, жұмыстық қабілеттілікке дайындау және тәжірибелік тексеру;
- жабдықтардың жұмыс істеу қорын мен техникалық жағдайды тексеру, профилактикалық қадағалауды және жөндеуді ұйымдастыру;
- қара металдарды алудың технологиялық үрдістерін жасау және алынған өнімнің сапасын бақылау мен оның жаңа түрлерін жасау, металлургиялық кәсіпорындағы менеджментті ұйымдастыру;
- түсті металдарды алудың технологиялық үрдістерін жасау және алынған өнімнің сапасын бақылау мен оның жаңа түрлерін жасау, металлургиялық кәсіпорындағы менеджментті ұйымдастыру.
Оқыту түрі мен мерзімі:
Бізге оқуға түсуге келесі бітірушілердің мүмкіндіктері бар:
♦ жалпы орта білім беру мектептерін бітірушілер ҰБТ немесе комплексті тесттілеу нәтижесі бойынша.
Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл
♦ орта кәсіптік білім беруші оқу орындарын (колледж) бітірушілер.
Оқу мерзімі: күндізгі, сырттай — 3 жылдан кем емес
♦ жоғары оқу орындарын бітірушілер.
Оқу мерзімі: сырттай — 3 жылдан кем емес
Оқу тілі:
- мемлекеттік тілде;
- орыс тілінде.
Бакалаврдан кейін Сіз магитратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік аласыз
Тәлімгерлерге ТМД мен Қазақстанның орталық қалаларында аспирантура мен докторантура бітірген біздің Металлургия кафедрасындағы ғылым докторлары мен кандидаттары сабақ береді:
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., профессор Мерхат Мәдениұлы Сүйіндіков.
Техника ғылымдарының докторлары, профессор Ж.О. Нұрмағанбетов, И.К. Ибраев, техника ғылымдарының кандидаттары, профессорлар Р.И. Сержанов, Н.Т. Биақаева, техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер Е.С. Әбдірахманов, М.Ж. Толымбеков, Қ.Қ. Шәбенов, О.Т. Ибраева, А.В. Богомолов, Н.С. Сембаев, П.О. Быков және т. б.
Қабылдау ережесі:
Тәлімгерлерді қабылдау мемлекеттік білім гранты негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар қолайлы жеңілдіктер жүйесі бар ақылы оқуға түсуге болады.
БОЛАШАҚ СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАРЫҢЫЗДА!
Құрметпен «Металлургия» кафедрасы
Біздің университеттің сапа менеджменті жүйесі халықаралық ИСО 9001-2000 стандарты талаптары бойынша 2006ж. 23 қантарда IQNet №:06.022.026 сертификатын аймақта ең бірінші болып иеленді.
С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕТАЛЛУРГИЯ КАФЕДРАСЫНА ҚОШ КЕЛІПСІЗ!
Біздің мекен-жай:
Қазақстан Республикасы
140008, Павлодар қ-сы, Ломов көшесі, 64-үй С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Ак. Шөкин (бұрынғы Калинин) көшесі, 139-үй, Б1 ғимараты,
Металлургия, машинажасау және көлік факультеті
Металлургия кафедрасы, 224-бөлме,
Телефондар:
ММжКФ деканаты: 67-36-30
Металлургия кафедрасы: 67-36-23 (217)
Қабылдау комиссиясы: 67-37-73
Дайындық курстары: 67-36-50
|
Certified
by Russian Register |