Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА КАФЕДРАСЫ
5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялары»
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР! Сіздің өміріңізде шешуші кезең, болашақ өміріңізге қажетті мамандықты таңдау сәті келіп тұр.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің «КӨЛІКТІК ТЕХНИКА ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» кафедрасының ұжымы Сіздерге келесі мамандықты таңдап алуыңызға мүмкіндік береді:
5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандану бағыттары:
– Автомобиль және трактор жасау;
– Автомобиль және автомобиль шаруашылығы;
– Вагондар және вагон шаруашылығы;
– Локомотивтерді пайдалану және жөндеу;
Оқуды осы мамандық бойынша бітірген түлекке көлік бакалавры академиялық дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Кәсіби қызметінің түрлері:
Ұйымдастыру технологиялық:
- көлік техникасын жасауға және жөндеуге құрылымдық, технологиялық және жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу;
- орындаушы ұжым жұмысын ұйымдастыру жәнебасқару шешімдерін қабылдау.
Өндірістік-басқару:
- көлік техникасы және жабдықтарын дайындау технологиясын жетілдіру;
- технологиялық процестер, материалдар және дайын өнім сапасын бақылау;
- көлік техникасын пайдалану және жөндеумен байланысты қызметтерді, кәсіпорындарды ұйымдастыру және басқару;
- көлік техникасы және жабдықтарын, оларды жасау және жөндеу технологияларын стандарттау және сертификаттау шараларын жүргізу.
Жобалау:
- технологиялық, құрылымдық, эстетикалық, экономикалық және тағы басқа айқындауыштарды ескеріп, машиналар мен жабдықтардың жобасын әзірлеу;
- көлік техникасын жобалау кезінде материалдар мен жабдықтарды таңдауға ақпараттық технологияларды қолдану;
- жобаның мақсаттарын және міндеттерін анықтау, олардың құрылымдарының өзара байланысын құруда түрлі фактораларды ескеру және мәселе шешудің басым бағытын анықтау.
Біздің түлектердің лауазымдық қызметі
- Көлік техникасын қолдану бойынша механик;
- Көлік техникасын жобалаушы конструктор;
- Көлік техникасын өндіру және қолдану саласының менеджері;
- Жобалау және зерттеу мекемелерінің қызметкері;
- Көлік-экспедициялық қызметінің диспетчері;
- Көлік және коммуникация саласын басқарушы және инспекциялау мемлекеттік органының қызметкері.
Оқу түрлері және мерзімі:
- Комплексті тесттілеу немесе ҰБТ нәтижесі бойынша жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу түрі.
Оқу мерзімі – 4 жыл
- Орта кәсіптік білім негізінде (колледж) күндізгі және сырттай оқу түрлері.
Оқу мерзімі – кемінде 3 жыл.
Оқыту тілі:
- қазақша;
- орысша.
Қабылдау шарттары
Студенттерді қабылдау ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша грант және оқуға төлем ақының икемді жүйесін қарастыратын келісім шарт негізінде жүргізіледі.
Тестілеу төрт пән бойынша жүргізіледі: Қазақстан тарихы, орыс (қазақ) тілі, математика, физика.
5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығына түссеңіз, сіз өзіңіздің таңдауыңызға ешқашанда өкінбейсіз, өйткені, біздің түлектеріміз әмбебап және қабілетті мамандар, оларды еліміздің және қаламыздың ірі және кіші зауыттарында, кәсіпорындарында, фирмаларда, банктерде және басқа мекемелерде жетекші қызметтерде кездестіруге болады.
Біздің оқу орынын бітіргендер алған біліміне сай өмірде өз орынын табады
ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗІДІҢ ЕРТЕҢІ СІЗДЕРДІҢ ҚОЛДАРЫҢЫЗДА!
БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Металлургия, машинажасау және көлік факультеті
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Академик Шөкин (бұрынғы Калинин) көшесі 139,
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті, деканат, каб.204.
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы, каб. 220
Телефондар:
ММжКФ деканаты: 67-36-30
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы: 67-36-30
Қабылдау комиссиясы: 67-37-73
Дайындық курстары: 67-36-50
|
Certified
by Russian Register |