Металлургия, машинажасау және көлік факультеті

“МАШИНАЖАСАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ” кафедрасы

5B071200 – “Машинажасау”

 

Құрметті талапкер!

Сіздердің туған қалаңызда қызық мамандықты алуға және элитарды білім алуға жақсы мүмкіндігіңіз пайда болды.

С. Торайғыров атындағы ПМУ -  біздің аймақта сапа менеджменті жүйесінің халықаралық сертификаттауын өткен және лицензиялау мен мемлекеттік аккредиттеу саласына сәйкес мамандықтар және бағыттар бойынша жоғары кәсіптік  білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жоғары кәсіптік білімді (бакалавр, маман) кадрларды дайындау бойынша білім қызметіне қатысты сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын алған алғашқы ЖОО.

5В071200 – “Машинажасау”   

Бакалавриатты бітіргендер :

  • механик;
  • конструктор;
  • технолог;
  • өндіріс учаскесінің мастері;
  • өндіріс учаскесінің қезекші мастері болып қызмет атқара алады.

Білім – жоғары кәсіптік білім.

Академиялық дәрежесі – машинажасау бакалавры.

Сабақтарды техника ғылымдарының кандидаттары А.И.Денчик, Н.С.Дудак, Р.Ө.Олжабаев, Т.Ш.Баймагамбетов жүргізеді.

Кафедра меңгерушісі – техника ғылым-дарының кандидаты, профессор И.А. Шумейко.

5В071200 – “Машинажасау” мамандық түлектердің  қызмет түрлері жеткілікті кең:

- технологиялық:  механикалық  өндеудің  машина бұйымдарының  және құрастырудың  технологиялық процестерді жетілдіру;

- құрастырушылық: технологиялық жабдықты жобалау, кескіш құралдарды, технологиялық және аспаптық  жабдықты,   стандартты  емес  жабдықтарды жобалау;

- пайдаланушылық: машинажасау  зауыттары-ның жабдықтарын пайдалану және жасау;

- ғылыми-зерттеушілік: технологиялық процес-терді зерттеу сапасы, технологиялық жабдықтың мінездемесі, прогрессивті жабдықтау  әдісі, бола-шақты жабдықтар түрлері және т.б.;

- ұйымды-басқарушылық: өндірістік процесін ұйымдастыру және басқару;

- ақпаратты-компьютерлі: инженерлі еңбектің бағдарламалы қамсыздандыруды құру.

Мамандық бойынша оқу барысында білімді бақылау үшін баллдық-рейтинг жүйесі қолданылады (ББРЖ). ББРЖ студенттер білімін бағалаудың әділдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді, және, әсіресе, олардың білім қызметіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, студенттерді білім алуда құштарлықтарын жоғарылатады.

Жоғары білім дипломын алған соң, бітіруші машинажасау технологиясы саласында тереңдетілген дайындақ мақсатымен, сонымен бірге ғылыми және оқу-педагогикалық қызметі үшін дайындық мақсатымен магистратураға түсуі мүмкін.

Кафедрада мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін күшті материалдық қор құрылды. Сабақтар қазіргі уақыттағы оқыту құралдарымен, соның ішінде есептеу техникасымен жабдықталған мамандандырылған аудиториялар мен зертханаларды өткізіледі.

Біздің мамандарымыз бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының машинажасау өнеркәсібінің дамуына ең қажетті болып келеді.

5В071200 – “Машинажасау” мамандықты бітірушінің қызмет ортасы:

- машинажасау зауыты;     

- энергожүйелердің механикалық  жөндеу базалары,  металлургиялық  өнеркәсіп, автомобиль және көлік шаруашылығы;     

- индустриядың табу  және қайта өндеу саласы;  

- ғылым-зерттеу ұйымы;        

- құрастырушы-технологиялық мекеме;   

- көліктік техниканың  және қор бөлшектердің техникалық жүйені қамтамасыздандыру; 

- маркетингтік  және көлік пайдалану қызметтері;          

- техникалық  қамтамасыздандыру   станциялары.              

Біздің  ЖОО-ның мақсаты – индустриалды дамыған мемлекет құруға болашақта қызмет ететін жоғары квалификациялған инженер кадрларын дайындау болып табылады.

Қабылдау шарттары:

Оқуға түсу үшін БҰС-ның ережелеріне сәйкес төрт пән бойынша тест тапсыру қажет: үшеуі міндетті жә-не біреуі тақдау бойынша (техникалық мамандықтары үшін физика).

БҰС-ны өткен соң талапкер өзі жинаған балдарының  мөлшері көрсетілген сертификат алады. Бұл сертификатпен талапкер таңдаған ЖОО-ның біреуіне өтініш береп, мемлекеттік білім грантын алу сайысына қатыса алады. Өтініште талапкер төрт мамандықты (4-ші пән бойынша) және мемлекеттік тапсырысты орындайтын бір немесе бірнеше ЖОО-ны көрсетеді. Өтініштегі көрсетілген бірінші ЖОО (бұл С. Торайғыров атындағы ПМУ болады деп үміттенеміз) және таңдаған мамандықтардың біріншісі сайыс таңдауының негізі болады.

Біздің университетімізге түсуіне болады:

- БҰТ немесе жиынтық тестілеудің нәтижелері бойынша орта жалпы білімді мектептердің түлектеріне. Оқу мерзімі: күндізгі 4 жыл.

- Кәсіби бағыт бойынша білімі бар орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектеріне: Оқу мерзімі: күндізгі , сырттай  3 жылдан кем емес.

Оқу мемлекеттік жалпы білімдік гранттар немесе жеңілдіктердің  жүйесі бар ақылы негізінде өтеді.

БҰС – біріңғай ұлттық сынақтау

ЖОО – жоғарғы оқу орны


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің

“МАШИНАЖАСАУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ” кафедрасына

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Бізге мына мекен жайға хабарласыңыздар:

140008, Павлодар қ., 64 Ломов к.,  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

139 Академик Шөкин к., Металлургия, машинажасау және көлік факультеті                                 

ТЕЛЕФОНДАР

ММжК деканаты: 67-36-30     

МжС кафедрасы:  67-36-33

Қабылдау комиссиясы: 67-37-73 (А-132А кабинеті) 

Даярлау курстары: 67-36-50


 

Certified
by Russian Register