ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

5B072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

 Мемлекеттік лицензия № 0000038



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5B072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша абитуриентті қабылдау жүргізіледі.

Бұл мамандыққа оқуға түсе алады:

  • ҰБТ немесе кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жалпы орта білім беретін мектеп түлектері.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл.

  • Осы бағыт бойынша орта кәсіптік оқу орындарының (колледж) түлектері.

Оқу мерзімі: күндізгі, сырттай—3 жылдан кем емес.

  • Оқыту мемлекеттік білім гранты бойынша және ақылы  түрде жүргізіледі, сонымен қатар оқыту жүйесінде жеңілдіктер қарастырылған.

Мамандыққа сипаттама

- бейорганикалық заттар өндірістерінің дайындау және конструкциялау;

- бейорганикалық заттар электрохимиялық өндірістер өнімдерін өңдеу және өндіру кәсіпорындарының технологиялық жүйелерін эксплуатациялау;

- еңбекті сақтау шараларын қамтамасыз ету;

- техникалық құжаттарды жүргізу.

Кәсібі

"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" химия-технологиялық мамандығы бойынша толық курсты табысты өткен соң, бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ БАКАЛАВРЫ

Оқу бітірушілер әрі қарай оқуды магистратурада және докторантура жалғастыра алады.

Оқу процесін ғылыми және өндірістік жұмыста үлкен тәжірибелері бар, жоғары білікті профессор-оқытушы құрам жүргізеді.

Кафедрада: х.ғ.д., профессор Әміреев Р.А., х.ғ.д., профессор Сулейменов М.А., х.ғ.к, профессор Парамонов Ф.П., х.ғ.к., профессор Солнышкова В.К., б.ғ.к., доцент Карузина И.А., х.ғ.к., доцент Исабаева М.А., х.ғ.к., доцент Копишев Э.Е., аға оқытушылар: Кузьмин В.С.,Баймухамбетова М.Г., х.ғ.к. доцент Данилов А.В., органикалық заттардың химиялық технологиясының магистрлері қызмет етеді. Кафедраны х.ғ.к., профессор Жапарғазинова К.Х. меңгереді.

Оқу процесін жүзеге асыру үшін кафедраның мамандандырылған лабораториялар мен аудиториялардан туратын материалды базасы бар.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасының кадрлар дайындау бағдарламасы бойынша облыстық ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибе өту қамтылған. Бұл жағдайда арнайы пәндер ретінде осы кәсіпорындардың негізгі технологиялары оқытылады.

5B072000 “Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы” мамандығының студенттері өндірістік тәжірибені - "Алюминий Қазақстан" АҚ, "Каустик" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, "Ақсу темірқорытпа зауыты" АҚ, "КSP Steel" АҚ,"Семей цемент зауыты" ЖШС , Семей силикат зауыты" ЖШС технологиялық цехтарында өтеді.

Бұл кәсіпорындарда студенттер, ұйымдастырушы және пайдаланушы жұмыста тәжірибелік дағды алу мақсатында, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелерді өтеді.

Осы мамандықтың оқу бітірушілері әрдайым қажетті және біздің аймақтың  кәсіпорындарында жұмыс істейді. 

Біздің мамандықты бітірушілерге сұраныстар келесі кәсіпорындардан келеді:

  • "Алюминий Қазақстан" АҚ
  • "Павлодар мұнайхимиялық зауыты" АҚ
  • "Ақсу темірқорытпа зауыты" АҚ
  • «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ
  • "КSP Steel" АҚ
  • "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ

Бізде оқу – кепілдік береді:

  • жоғары кәсіптік деңгейге жетуге;
  • компьютерлік сауаттылыққа;
  • мемлекеттік және шетел тілдерін білуге;
  • конструкциялау және химиялық құралдарды технологиялық эксплуатациялаудың негіздерін білуге.

Павлодар – химия өнімдері өндірісінің ең көп қатары бар  Қазақстандағы жалғыз қала.

Біздің қалада өндіріледі:

- жербалшық

- алюминий

- күкірт 

- галлий

- оттегі

- азот

- аргон

- ферросиликохром

- ферросилиций

- ферросиликомарганец

- сода өнімдері

ИСО 9001:2000 сертификаты білім беру қызметіндегі халықаралық стандарттық сапа менеджменті жүйесіне сәйкес келеді.

Эксклюзивтік белгі IQ Net сапа менеджменті мен құзырлылықтың дүние жүзіне белгілі жоғары деңгейдегі бейнесі.

 

 

СІЗДІ ӨЗ КАФЕДРАМЫЗДА КҮТЕМІЗ!

 

Біздің мекен-жайымыз:

140008 Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы ,Ломов көшесі 64.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті,

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті,

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы, тел. 67-36-51 (ішкі 1173). А-509

Қабылдау комиссиясы:тел.  67-37-73, (каб.132А)

Дайындық курстары: тел. 67–36–50, ак.Шөкин көшесі 139, 202 кабинет.






Certified
by Russian Register