БИОЛОГИЯ - ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ
5B060600 - Химия
Химия бакалавры академиялық дәрежесін беретін 5B060600 – Химия мамандығы бойынша студенттер қабылдау жүргізіледі.
Кундізгі бөлімде оқыту мерзімі 4 жыл.
Бұл мамандыққа орта жалпы білім беретін мектептерді бітірушілер БҰТ және кешенді тестлеудің нәтижелері бойынша түсе алады.Оқыту мемлекеттік білім гранттары бойынша немесе бағасын кеміту және женілдіктердін икемді жүйесін белгілейтін келісім-шарт негізінде жургізіледі.
Тестлеу 4 пән бойынша жүргізіледі:
• Қазақ немесе орыс тілі;
• Қазақстан тарихы;
• Математика;
• Химия.
Біздің мақсатымыз – химия, металлургия, мұнай – химия, фармацевтика өнеркәсібі мекемелерінде;
- аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық- эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтері өндірістік лабораторияларында, химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтік бағыттағы;
- ғылыми - зерттеу мекемелерінде ( институттарда, лабораторияларда) инженерлер қызметтерінде, бөлімдер мен лабораториялардың жетекшілері ретінде;
- жалпы білім беретін орта мектептерде, колледждерде, лицейлерде, гимназияларда химия пәнінің оқытушылары, білім беру бөлімдерінің басшылары ретінде жұмыс атқару үшін жоғары білікті мамандар дайындау.
Химия бакалавры мынадай кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- ұйымдастыру - технологиялық;
- ғылыми - зерттеу;
- өндірістік – басқару;
- білім беру ( педагогикалық)
5B060600 – Химия мамандығын бітірушілердің халық шаруашылығының көптеген маңызды салаларында, өндірістік лабораторияларда, ғылыми – зерттеу және білім беру ұйымдарында, сонымен қатар арнаулы мекемелерде химик – эксперт ретінде жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіншіліктері бар.
Білім беру бағдарламасын жемісті игерген бітірушілер одан әрі білімін магистратурада жалғастыра алады.
5B060600 - Химия мамандығы оқу пәндерінің сабақтарын химия ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі Р.Ә.Әміреев, Химия ғылымдарының докторы, ҚР жаратылстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі М.Ә. Сулейменов, химия ғылымдарының кандидаттары А. Қ. Тұрсынова, А.В. Данилов және химия магистрлері жүргізеді.
Университете компьютерлік техникамен, қәзіргі оқу және ғылыми приборлармен, құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа химиялық лабораториялар бар. Олар бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық және коллоидтық химия лабораториялары.
ИСО 9001:2000 сертификаты білім беру қызметіндегі халыкаралық стандарттық сапа менеджменті жүйесіне сәйкес келеді.
Эксклюзивтік белгі IQNet сапа менеджменті мен құзырлылықтың дүние жүзіне белгілі жоғары деңгейдегі бейнесі.
өзініздің мүмкіндігінізге және ќажеттілігінізге қарай ең жаќсы мамандықты таңданыз!
Біз сіздерді күтеміз!
БІЗДІҢ МЕКЕН- ЖАЙЫМЫЗ: 148008, Ќазаќстан Республиќасы
Павлодар ќаласы, Ломов көшесі, 64 үй
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология-химия факультеті
ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ
Тел.: 67-36-68, (173) А - 511
Қабылдау комиссиясының телефоны: 67-37-73, (каб. 132а)
Дайындық курстары: 67-36-50
| |
| Certified by Russian Register |