АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
Агротехнология кафедрасы
5B080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»
(бакалавриат)
5B080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» академиялық дәреже берілетін мамандық бойынша студенттерді қабылдау жүргізіледі.
Біздің мақсатымыз - орман шаруашылығы үшін жан-жақты мамандарды дайындау.
Мемлекеттік білім гранты немесе келісім шарт арқылы түлектерге тиімді оқу төлемі жүйесі қарастырылған.
Бізге түсуге болады:
- Жалпы орта білім мектебінен ҰБТ және жаппай тесті тапсырған түлектердің нәтижелерінің қорытындысы бойынша.
Оқу мерзімі:
Күндізгі бөлім – 4 жыл
- Орта кәсіби білім беру мекемелерінің (колледж) түлектеріне.
Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес.
Тест 4 пән бойынша жүргізіледі:
- Қазақ немесе орыс тілі;
- Қазақстан тарихы;
- Математика;
- География.
Университетке түскен ер адамдар әскери қызметін кейінге қалтыруға мүмкіндік алады.
5B080700 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша студенттер тәжірибенің барлық түрлерін өтіп меңгереді:
- ағаш өңдеу өндірісінің жаңа технологиясы;
- ботаникалық бақтардың, саябақтардың жасыл желектерін күту тәжірибесін меңгеру;
- орман есебі және орман таксациясы әдістері;
- ландшафтылы-сәулеттендіру негізінде саябақтарды көгалдандыру әдістемелері, ормандық және мәдени өсімдіктерді өсіру әдістері;
- орман өрттерін анықтау, орман қорғау, биотехникалық іс-шараларды дайындау әдістері;
Орман шаруашылығы бакалавр мамандығы әрауқымды және өзіне тәң ерекшелігі бар. Олардың міндеттері: орман шаруашылығын тиімді жүргізудің мәселелерін шешу, орман және мәдени өсімдіктерді отырғызу, баптау, олардың аумағын арттыру және т.б.
Орман шаруашылығы бакалаврының мақсаты:
-өсімдіктерді өсірудің жаңа әдістерін қолдану, орман шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және іске асыру, орман ағаштары инвентаризациясымен айналысу, ағаш кесу қорын тиімді пайдалану, орман шаруашылық жүйесінде табиғат қорғау шаралары-ның комплексін басқару, орман және саябаққа пайдалы және зиянды ағзалардың жиілігін болжау және анықтау.
Бакалавр орман шаруашылықтың ұйымдастырушысы ғана емес экономистік, бухгалтерлік, аграномиялық білімдерді де меңгереді. Міндетті пәндер циклінде студенттер орман метеорологиясы, инженерлік геодезия және топографиялық сызу, орман қорғау, ормантану, ағаш өңдеу негіздері және орман пайдалану, орман таксациясы, орман мәдени өсімдіктері, орман орналастыру, орман шаруашылы-ғының экономикасы және ұйымдастырылуы, орман шаруашылы-ғы жұмыстарын механизацияландыру, орман ресурстарының есебі, орманды қалпына келтіру, дендрология және т.б. пәндерді оқиды. Бұл мамандық бойынша дәрістерді университеттің сондай-ақ облыстың басқа да аграрлық құрылымдарының алдыңғы қатарлы докторлары және ғылым кандидаттары жүргізеді.
Берілген мамандық бойынша түлектердің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндіктер бар:
- экология және биоресурстар мекемелерінің бөлімдерінде;
- орман дайындау, ағаш өңдеу мекемелерінде;
- қорықтарда, орман шаруашылығында;
- ауыл шаруашылық басқармасында, сыртқы ортаны қорғау ұжымдарында;
- дендрариумдарда;
- қаланы көгалдандыру орталығында.
Оқу үрдісін жүсеге асыру үшін облыс пен қалалардың басты мекемелері мен ұйымдарынан жоғары білікті мамандар шақырылады.
Кафедра арнаулы мамандандырылған зертханалармен қамтылған.
ИСО 9001:2000 сертификаты білім алудың халықаралық стандарттарының сапалық менеджмент жүйесіне сәйкес келеді.
IQNet эксклюзивті таңбасы әлемде сапалық және компетенттілік менеджменттің жоғарғы деңгейінің белгісі болып саналады.
Өзіңіздің мүмкіндігіңізге және қажеттілігіне қарай ең жақсысын таңдаңыз.
Біз сіздерді күтеміз!
БІЗДІҢ МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ:
140008 Қазақстан Республикасы
Павлодар қаласы
Ломов көшесі, 64 үй
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Агротехнологиялық факультеті
АГРОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73, (каб. 132а)
Дайындық курстары: тел. 67-36-50
|
Certified
by Russian Register
|