ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

5B060700 «Биология» (бакалавриат)

 

5В060700 «Биология» мамандығы бойынша «Биология бакалаврына» студенттерді қабылдау жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты немесе жеңілдіктер қарастырылєан төлем  ақы бойынша оқу.

Бізге түсуге болады : 

- ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойымен жалпы білім беру мектептерінің түлектері

Оқу мерзімі: күндізгі оқу түрі - 4 жыл.

Біздің мақсатымыз жан-жақты білікті биология мамандарын дайындау.

Бізде оқу - ол келесі мамандықтарды меңгерудің кепілі:

- жоғары кәсіптік деңгейдегі мамандық;

- биология ғылымдар салалары бойынша теориялық және қолданбалы дайындық;

- компьютерлік сауаттылық;

- қоршаған ортаны қорғау және экология негіздерін меңгеру;

Тест әдісі 4 пән бойынша жүргізіледі:

  • Қазақ немесе орыс тілі;
  • Қазақстан тарихы;
  • Математика;
  • Биология.

Университетке түскен студенттердің әскери қызметін атқаруы кейінге қалдырылады.

Бізде оқу барысында сіз ғылыми- зерттеу жобаларына қатысып, қолданбалы биология және экологияның жергілікті мәселелерін зерттеп, іске асыруға мүмкіншілік аласыз.

Соның нәтижесінде:

■ қазақстанның табиғи аймақтарындағы өсімдік және жануарлар әлемін ұтымды және тиімді пайдаланудың алуан - түрлі тәсілдерін игересіз;

■  Баянауыл ұлттық табиғи бағы эко
жүйесін, оның флорасы мен фаунасының инвентаризациясы мен жағдайын анықтай аласыз;

■ Павлодар қаласының екпе ағаштар жағдайына талдау жасап, олардың сәндік және шаң ұстағыш қасиеттерін жақсартуға бағытталған жолдарын тауып, іс жүзінде қалыпқа келтіруге мүмкіндік аласыз;

■   Павлодар облысының қалалары және ауылдарының жер бедерінің дизайнын жақсарту әдістерін игеріп, дағдыланасыз;

■    Паразитоценоздардың функционалдық морфологиясын және экологиясын анықтап, олардың жануарлар мен адамның иммуно жағдайына тигізетін әсерін ашу әдістерін меңгересіз;

■  Семей ядролық полигонына жақын жатқан аймақтардың биоценозын қалыпқа келтіруге үлес қоса аласыз.

Бұл мамандық бойынша біздің докторлар мен ғылым кандидаттары және басқада ғылыми зерттеу мекемелерінің жетекші ғалымдары дәріс береді.

Сіздердің биология саласында ғылыми мансапқа жетуге мүмкіншіліктеріңіз бар. Биология кафедрасында магистратура және докторантура PhD  ашылған.

Түлектерге жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіншіліктер ашылады.

Олар:

♦  экология және биоресурстар басқармасыныѕ бґлімдерінде;

♦ білім беру департаментінің құрылымындары;

♦  ғылыми - зерттеу орталықтары;

♦   медициналық, биологиялық, ветеринариялық зертханалар;

♦  Қалалық жјне облыстық СЭС, ауылшаруашылық зертханаларында, өндіріс  мекемелерінде;

♦  тәжірибелік станциялар, қорықтар, қорықшалар;

♦ Мемлекеттік мекемелер және денсаулық сақтау, ауылшаруашылық, қоршаған ортаны қорғау басқармалары мен департаменттерінде қызмет етуге мүмкіншілік алады.

Жалпы білім беру және   мамандандырылєан мектептер, лицейлер, гимназиялар.

5В060700 «Биология» мамандығы бойынша студенттерге

Исимбеков Ж.М.- б.ғ.д., профессор,

Ержанов Н.Т.- б.ғ.д., профессор,

Ахметов К.К.– б.ғ.д., профессор,

Тлеубаева А. В - б. ғ. к., доцент

Нурлина А.Б. - б. ғ. к., доцент

 

ИСО 9001:2000 сертификаты білім беру әрекетінде сапа менеджмент жүйесіндегі халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

IQNet эксклюзивты белгісі  - бүкіл әлемге әйгілі жоғары деңгейлі сапа менеджменті мен құзыреттілігінің белгісі.


Өзініздің қалауыңыз бен мүмкіндігіңізге қарай ең жақсысын таңдаңыз.

Біз сіздерді күтеміз.

 _______________________________________________________________________________________________

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

140008 Қазақстан Республиқасы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі,64 үй

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті

Химиялық технологиялар  және жаратылыстану факультеті,

Биология және экология кафедрасы, кабинет 356

Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73 (132а каб.)

Дайындық курстары: тел. 67-36-50


 

Certified
by Russian Register