СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ

ӨМІР ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КАФЕДРАСЫ

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы

Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау  кафедрасы келесі бакалавриаттың мамандығы бойынша жоғары кәсіпті білімі бар мамандарды даярлайды:

5B073100 – Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бакалавры академиялық дәрежесін иеленеді.

Бізге оқуға түсе алады:

- БҰТ немесе кешенді тестілеу нәтижесі бойынша жалпы білім беретін орта мектептің түлектері.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл.

-  Берілген бағыт бойынша білімі бар орта кәсіптік оқу орындарының (колледж) түлектері.

Оқу мерзімі:  3 жылдан кем емес.

Оқыту мемлекеттік білім гранттары немесе иілмелі жеңілдіктер жүйесін қарастыратын келісім – шарт негізінде жүзеге асырылады.

Мамандықтың сипаттамасы

Бакалаврлардың кәсіптік қызметтерінің объектілері: кәсіпорындар мен мекемелер, су, жер, биотикалық және өзге ресурстар; өртті, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптіліктерді болдрмауға мүмкіндік беретін тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, технологиялық желістерді,жүйелерді әзірлеуді, еңгізуді және қолдануды және де төтенше жағдайларда сақтауды анықтайтың  кәсіпорындар мен ұйымдар, жобалау- іздеу институттары, бюролар, әр түрлі меншіктегі фирмалар және т.б. болып табылады.

- Бакалаврдың кәсіптік қызметінің мазмұны қауіпсіздіктің өрт, өнеркәсіптік, экологиялық,химиялық, радиациялық, биологиялық және басқа түрлері бойынша; қоршаған ортаны және оның құрауштарын (ауа бассейні, су, жер, биотикалық және басқа ресурстар) техногенді әсерлерден қорғау бойынша жобаларды, бағдарламаларды, техникалық шешімдер мен шараларды әзірлеуден, іске асырудан және бақылаудан тұрады.

Білім жалғастыру мүмкіншілігі:

6М073100– «Өмір-тіршілігі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандық бойынша  магистратурада оқу.

Кафедраның кадрлық құрамы:

Мамандарды дайындайтын жоғары білікті оқытушылар, көп жылғы ғылыми - педагогикалық тәжірибелі профессорлар, т.ғ.к. Арынгазин Қ.Ш., т.ғ.д. Украинец В.Н.; доценттер, ғылымдарының кандидаттары Семенова М.К., Гирнис С.Р., Бейсембаев М.К., Аймуханов С.М.; аға оқытушылар: магистерлер А.К.Тлеулесов., Алдунғарова А.Қ., өндірістік тәжірибесі бар аға оқытушылар Дроздова Н.К., Беляева Л.М.; оқытушылар және ассистенттер: магистерлер Кунанбаева Д. М., Мажимова М. Б., Алипова С. С.; ОКП: инженерлер мен бакалаврлар   Жумалина А.Ж., Ергешбаева Н.В., Алигожина Д.А., Тоггоуз М. Т., Жакиянова А. Х.

Кафедра меңгерушісі – профессор, техникалық ғылымдарының кандидаты Қапар Шәкімұлы Арынғазин.

Кафедра  екі компьютерлік сыныппен жабдықталған (Б-243). Осы сыныптарда студенттер келесі жұмыстардың дағдыларын игереді:

  • осы күндегі операциялық жүйелері (Windows 2000/ХР);
  • құрылысқа қолданылатын әр форматта және өте күрделі чертеждарды жасауға ыңғайлы AutoCAD және Autodesk Architectural Desktop 3 автоматтандырылған жобалаудың жүйелері;
  • жобалалынған ғимараттың виртуалдық үш жақтан өлшемді модельді құруға ыңғайлы ArchiCAD дизайн мен сәулет-құрылыс жобалаудың жүйесі;
  • инженерлік есептерін жасауға ыңғайлы MatCAD, MatLab қолданылатын программалар;
  • Word мәтіндік редакторы;
  • Excel кесте процессоры;
  • Access мәліметтер базаларын бақылау жүйесі.

Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы қазіргі замаңға сай оқу зертханасымен және зертханалы-практикалық сабақтар және курстық, дипломдық жобалауды өткізу үшін кабинеттермен жабдықталған.

- (А-437) – қазіргі замаңға сай қондырғылары мен аспаптары орналасқан өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау зертханасы;

- (А-044) – плоттер және компьютерлермен жабдықталған курстық, дипломдық жобалауға арналған кабинеті.

Ғылыми - зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

1. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жобалаудың автоматтандырылуы;

2. Өнеркәсіп кәсәпорындардың тастауларынан қоршаған ортаның ластауын есептейтін компьютерлік әдістер;

3. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау.

Біздің университеттің сапа менеджменті жүйесі 2006 жылдың 23 қаңтарынан аймақта алғаш берілген I Q Net №06.22.026 сертификатымен расталатын халықаралық ИСО 9001 – 2000 стандартына сәйкес келеді.

Оқыту тілі:

Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64. тел. 67-36-85 (12-08)

Қабылдау  комиссиясы:

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64. тел. 67-37-73

Дайындық курстары: тел. 67-36-50



 

Certified
by Russian Register