Сәулет-құрылыс факультеті

«Көлік құрылысы және кәсіптік оқу» кафедрасы

Мамандық - 5B073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»

 

Жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауды профессорлар, техника ғылымдарының кандидаттары В.И. Данилов, П.В. Корниенко, В.А. Козионов, доценттер, техника ғылымдарының кандидаттары В.Т. Станевич, В.Г. Никифорова, Б.Ч. Кудрышова, доценттер М.Э. Данилова, Т.Қ. Шахаев, Қ.Қ. Қасқырбаев, аға оқытушылар Л.А. Варламова, Ж.Қ. Орынтаев,     Қ.С. Баймульдинова, Б.З. Омарова О.Қ. Қалиева, Л.Т. Кабдырова жүргізеді.

Сабақтар ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен электронды таратушылардағы әдебиеттерді қолданып, қазіргі  заманғы материалдық және оқу-әдістемелік базада, кафедраның «Құрылыс материалдары және геотехника», «Құрылыста сапаны бақылау, зерттеу және сынау» зертханаларында жүргізіледі.

Кафедра меңгерушісі ПМУ-дің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Сақанов Қуандық Темірұлы.

Бетон қоспаларының және ерітінділердің иілімділігі мен ыңғайлы салынғыштығын пайдаланып, қоршама мен қоршау конструкцияларын және жабындарды жасап құрылысты монолиттік нұсқада жүргізуге болады.

Оқу процесімен кепілденген зор білім байлығы маманға жасанды конгломераттарды анықталған топ қасиеттерімен жобалау кезінде қолданылатын материалдарға кәсіби баға беруге, құрылыс өндірісінің технологиясы мен схемасын дәлелді таңдауға мүмкіндік береді.

Бізге түсуге болады:

* ағымдағы жылда жалпы орта білім оқу ұйымдарының түлектері, ҰБТ нәтижесі бойынша;

* КТА-ға қатысушылар, тестілеу нәтижесі бойынша минималды деңгейде балл алғандар.

Оқу мерзімі:

* жалпы орта білім негізінде  – 4 жыл (күндізгі);

* орта кәсіптік білім (колледж) негізінде – ең кемі 3 жыл (күндізгі, сырттай);

*жоғары кәсіптік білім негізінде – ең кемі 3 жыл (күндізгі, сырттай) (базалық біліміне байланысты).

Оқу. Күндізгі және сырттай ЖОБ негізінде:мемлекеттік оқу гранты негізінде немесе келісім негізінде ақылы түрімен. Ақылы түрінде оқитын студенттерге арнайы жеңілдіктер түрі қарастырылған. Сөйлесіп келісу түрі- ОКБ және ЖКБ негізінде түсетіндерге.

Магистратура

Мамандық – «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бакалавр

Мектеп, колледж түлектерін және әскерлік міндетін атқарып запасқа шығарылған азаматтарды

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Көлік құрылысы және кәсіптік оқу» кафедрасындағы

5B073000 - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру»

мамандығына түсуге

ШАҚЫРАМЫЗ!

________________________________________________________________________________________________

140008 Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64 үй. С.Торайғыров атындағы ПМУ

Қабылдау комиссиясы: Павлодар қ. Ломов көш., 64 үй, 132а аудиториясы. тел. (8-7182) 67-37-73

Дайындық курстары: тел. (8-7182) 67-36-50

«Көлік құрылысы және кәсіптік оқу» кафедрасы: тел. (8-7182) 67-36-23, 67-36-85 (ішкі 12-18)


 

Certified
by Russian Register