ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА" кафедрасы5В071700 «ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА» мамандығы |
ЖЭС 1991ж, 1974 ӨЖЭ қаланды. ӨЖЭ кафедрасының қосылуы негізінде 1998ж. жылуэнергетика кафедрасы қаланды. Қазіргі уақытта кафедра 5В071700 ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА мамандығы бойынша жылуэнергетика бакалаврын дайындайды:
Лицей және орта мектеп түлектері 4 жыл мерзімінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түсе алады.
Колледж түлектері 3 жылдан кем емес мерзімінде күндізгі немесе сырттай оқу нысаны бойынша оқуға түсе алады.
ФИЗИКА – 4 – ші тестілеу пәні.
Біздің студенттер университетте оқу барысында әскери қызметтен уақытша босатылады.
Жылуэнергетика мамандығы бұл:
- МАЭС және ЖЭС – да қуатты энергоболктармен басқару;
- Жыулық желілерде, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, жобалық және ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс;
- Жылулық және электрлік энергияның өңдей үрдісін басқару;
- Кез келген өнеркәсіптік кәсіпорында өзін еркін сезіну әмбебаптылығы.
Оқу үрдісі ғылыми – педагогикалық және өндірістік тәржімасы бар оқытушыларды жүзеге асырады.
Кафедрада 1 ғылым докторы, 2 профессор, 4 ғылым кандидаты, 4 доцент, 8 аға оқытушы, 6 магистр жұмыс істейді.
Апта сайын 3 және 4 курс студенттеріне Ақсу МАЭС-да сабақ өткізіледі, сабақты электр станцияның басшылары мен жетекші мамандары өткізеді.
Кафедрада оқытылған мамандар өндірістік және жылу энергияны қолдану аймағында кәсіби қызметкерлікке , нақты өндірістік – технологиялық, жобалық зерттеулік қызметкерлігіне дайындалған, сондықтан халық шаруашылығының көптеген саласында жұмыс табады.
Жылу және электр – энергияның негізгі екі түрі болып табылады, біздің өміріміз оларсыз мағынасыз. Олар кез келген өнеркәсіптің, сондай-ақ күнделікті өміріміздің негізі болып табылады.
Жылуэнергетика бакалавры тек қана ЖЭС-да жұмыс істемейді, жылу мен электр энергияны тұтынатын кез-келген кәсіпорында жұмыс істей алады.
Мамандарды бөлу
Кафедра түлектерінің еңбектенбеген Қазақстанда бірде – бір облыс жоқ. Жылуэнергетика мамандығы бойынша оқитын студенттердің өндірістік тәжірибені өту және кейінгі жұмысқа орналастырумен бас кәсіпорындарымен келісім шарт жасасты. Келісім шартқа сәйкес кәсіпорындар «4» пен «5» оқитын 2 курстан бастап студенттерге төлем ақы төлеуге және кейін жұмысқа орналастыруға дайын.
Қазіргі уақытта еңбек нарығында мамандардың артықшылығы, біздің профильдегі мамандар кәсіпорындарға қажетті.
«Өнеркәсіптік жылуэнергетика», «Жылу электр станциялары» мамандандыруы бойынша түлектері инженер қызметінде жұмыс істейді:
а) энергоынтымақтастығының энергетика қызметінде;
б) қазандық және ЖЭС баптау ұйымдарында;
в) жобалық институттарында;
г) қазандық, шығырлық, жөндеу цехтарында, отын беруде және электрстанцияның химиялық цехтарында;
д) аз қуатты қазандықтарда;
е) ауыз суын дайындау цехтарында;
ж) ауалы және сулы бассейндерді қорғау бойынша баптау ұйымдарында;
з) зерттеу институттарында;
и) қоршаған ортаны қорғау бойынша жылулық инпекцияларда;
к) жылулық желілерде.
Материалдық база
Оқу үрдісін жүзеге асыру үшін кафедра қазіргі материалдық базамен қамтылған, арнайы мамандандырылған аудиториялары, оқу және зерттеу зертханалары бар, компьютерлермен жабдықталған.
Кафедраның ғылыми жұмысы
Кафедрада энергетиканың түрлі бағыттарында ғылыми жұмыстар жүргізіледі, зерттеу нәтижесі бойынша 600 жұмыс басылып шығарылды, олардың ішінде 20 оқулық, монографиялар мен оқу құралдары, 80 авторлық мәліметтер, 12 патент, ВДНХ – ның 2 күміс жүлдесі берілді.
Студенттер ғылыми жұмыстарға белсенді қатысады.
Кафедра оқытушылары магистратурада, аспирантурада және ҚР және РФ докторантурада оқып, кандидатттық және докторлық диссертацияны қорғайды.
Кафедра Ресей мен Германияның жоғары оқу орындарымен ғылыми – техникалық байланыстары бар, студенттер мен оқытушыларды дайындауға және тәжірбие өтуге мүмкіндік береді.
МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ:
Павлодар қ, Ломова, 64 көшесі.
Қабылдау комиссиясы: тел. 67--37-73, каб. 132а
Кафедра: тел: 67-36-26, ауд. А-311а.
Деканат: тел: 67-36-74, ауд. А-322
БІЗДІҢ МАМАНДЫҚҚА ОҚУҒА ТҮСІҢІЗДЕР!
СІЗДЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
|
Certified
by Russian Register |