Торайғыров университетінің жеңіл атлеттері ХІ жазғы универсиадада үш алтын, алты күміс және бір қола жүлдеге ие болды.

4*100 м  эстафетасында команда үздік атанып, бірінші орын тұғырынан көрінді. Артем Добросмыслов, Сергей Степанковский, Артем Селюков, Артем Алексенко, Диана Гейнц жеке есепте 100, 200, 400, 1500 және 5000 метрлік жүгірісте жүлдегер атанды.

Артем Добросмыслов 400 метрлік жүгірісте алтынға ие болды. Сергей Степанковский осы қашықтықта екінші келді.

200 метрлік қашықтыққа жүгіруде екінші мәрте үздік атанды. Ал Артем Селюков екінші орынға ие болды.

Диана Гейнц екі рет екінші орынды жеңіп алды: биіктікке секіру мен кедергілермен 100 метр жүгіруде жақсы нәтиже көрсетті.

Артем Селюков - 100 метрлік жүгірісте екіні орынды ұтып алды.

Артем Алексеенко 1500 метрлік қашықтықта күміс, ал 5000 метрлік қашықтық бойынша қола жүлдегер атанды.