Торайғыров университетінің төрт жас ғалымы ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша гранттарға ие болды.

Александр Барукин, Асылбек Касенов, Римма Уәлиева және Салтанат Әубәкірова алдағы үш жыл бойы кәсіпкерлік университет, фитосанитариялық бақылау, энергия үнемдеу және өзге де салалар бойынша зерттеу жүргізбек.

Әр жас ғалым өз жобасы үшін 30-40 миллион теңге көлеміндегі грант ұтып алды.

Мәселен, биолог Римма Уәлиева новосібірлік ғалымдармен бірге бидайдың өнімділігін арттыру мақсатында өсімдік шаруашылығы технологиясын жетілдіріп, мониторинг жүргізбек.

Электроэнергетик А. Барукин электр станцияларының схемаларын әзірлеуде. Олар аналогтарына қарағанда сенімді және апатты жағдайда да жұмыс істей береді.

А. Касенов қолдану мерзімін ұзартып, қайта өңдеудің нақтылығын жақсартатын металлкесу құралдарын ұсынады. Сонымен қатар, жылу деформациялары азайып, тозуға жол берілмейді. Бірегей конструкциялар детальдердің өз бағасын азайтып, қайта өңдеудің өнімділігін арттырады.

Салтанат Әубәкірова болса, ҚР жоғары білім беру саласын кәсіпкер университеттер негізінде трансформациялау тақырыбында ізденуде.