Торайғыров университеті еліміздегі жоғары оқу орындарының ҚХА кафедралары қауымдастығы мұрындық болған онлайн-вебинарлар эстафетасын қабылдады. Мамандар гуманитарлық ғылымдар саласындағы коммерциализациялау тәжірибесін талқылады.

Ұсынылған тақырып бойынша бүгінгі вебинарға қатысуға ниет білдіргендердің саны көп болды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Атырау, Петропавл, Қарағанды және өзге қалалардан 100-ден астам өтініш түсті.

Торайғыров университетінің проректоры Нұрлан Ержанов пен «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары Қауымдастығының» төрағасы Наталья Калашникова қатысушылар алдында сөз алды.

Талқылауға шетелдік меймандар қатысты - танымал ресейлік ғалым, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Ефим Пивовар, сонымен қатар, София университетінің саясаттану профессоры Татьяна Дронзина.

Еске сала кетсек, ToU ҚХА мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Этнокәсіпкерлік, медиация және этноволонтерлік саласын дамыту бойынша этносаясат мәдениетін енгізуде, Солтүстік-шығыс Қазақстанның қасиетті жерлерін зерттеуде.

Болгариялық әріптестер медаторлардың жұмысын терең ғылыми деңгейге шығаруды ұсынды.

Алдағы уақытта Ресейлік сарапшылар ғылыми-білім беру бағытында «еуразиялық» тақырыпты дамытып, экономикалық серіктестік және даму ұйымымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуды ұсынбақшы.