Торайғыров университетінің IT Hub мамандары BrainPark инновациялық инклюзивті білім беру орталығымен бірлесіп, «IToU Design Сreator» компьютерлік суреттер байқауының қорытындыларын шығарды.

Байқауға Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектептерінің 6-15 жас аралығындағы оқушылары қатысты.

57 жас дизайнер үндеуге қосылып, "Жаңа жылыңызбен!" ашық хаттарын жасады. Хаттарды COVID 19 инфекциясымен күрескен медициналық қызметкерлерге жолдады. Жастарға пандемиямен күрес тақырыбы ұсынылды. Қатысушылар байқау тақырыбы бойынша компьютерлік бағдарламалар арқылы сурет салды.

Үздік жұмыстардың авторларына университет кәсіподағы мен BrainPark атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

https://ithub.kz/art.php?id=16&lang=rus