Әлемдік хиттерді Иса Байзақов атындағы филармония әртістері шырқады. «Bohemian rhapsody» шоуында солистер битбокс пен Queen, Whitney Houston, Michael Jackson әндерін бір арнаға тоғыстырды.

Музыкалық кеш көрермендердің көңілінен шығып, әнсүйер қауымды таң қалдырды.

«Музыка ыстық сезімдерді ояту керек. Камералық хордың шеберлігі мен шығармашылық ізденіс осыны дәлелдейді», – дейді көрермендер.