Toraighyrov University университетінің «President» пікірталас клубы "Жалынды жастар" қалалық турнирін ұйымдастырды. Қызу пікірталасқа колледж және университет студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы талқылаудың басты тақырыбына айналып, студенттер пікірлерін ашық айтты. Турнирге 64 спикер қатысты. Олардың қатарында "Президент" клубының мүшесі Аружан Насырова болды.

Шараның қорытындысы бойынша Парламенттік дебаттың британдық форматында өткен "Альфа" Лигасында жүлделі орынға «ELEGANT» фракциясының "Ақиқат" клубы ие болды. "Орки" - екінші орын, ал «New start» тобы бірінші орын тұғырынан көрінді.

"Бета" Лигасында үшінші орынға «Units» фракциясы ие болды. «Bella donna» тобы екінші орынға, «A_N» бірінші орынға ие болды.