Биылғы жылы Михаил Лермонтовтың туғанына - 205 жыл. Осыған орай филолог мамандар мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды.

Поэзияға құмар студенттер жиналып, байқауға университет студенттерімен қатар, ПМУ колледжінің жастары да қатысты. Студенттер арасында "Я не увижусь пред тобою" өлеңі өзектілігін жоғалтпағаны белгілі болды.

Байқау қатысушылары бұл өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Дарынды жастар көп болса да, қазылар алқасы тек үш жеңімпазды таңдады.

Үздіктер қатарындағы бірінші орынды химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің бірінші курс студенті Аружан Насырова бірінші орынға ие болды. Екінші орын тұғынынан ПМу колледжі студенті Әнел Джумалинова көрінді. Үздік үштікті болашақ филолог Татьяна Юрченко түйіндеді.