Университеттің бас оқу корпусында тастамат орнатылды. Ыңғайлы, қауіпсіз, ең бастысы жылдам әрі жақын.

Оның қызметі әркімге қолжетімді болмақ. Аппараттың қызметін пайдаланам десеңіз, тастаматтың индексін көрсетсеңіз болғаны (910156), кейін ұялы телефоныңызға sms келеді. Сәлемхатты алу үшін gr-кодты сканерлеу керек.