С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Кирилл Тезичев юниорлар арасында штанганы жатып сығымдап көтеру бойынша өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Байрақты бәсеке Токио қаласында өтті. Жарысқа 42 мемлекеттің үздік спортшылары қатысты.

К. Тезичев 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті және «классикалық жатып сығымдау» бойынша үздік нәтиже көрсетті. Спортшы 207 келіні бағындырды.

Жарыс қорытындысы бойынша Кирилл алтын медаль асынып, чемпион атағына ие болды. Бұл – оның әлемдік жарыста жеңіп алған екінші медалі.

Бүгінгі таңда спортшы қыркүйек айында Улан-Баторда өтетін Азия Чемпионатына дайындалып жатыр.