Студенттер, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру мақсатында «А» (Ломов, 64) және «Б» (Ак. Шөкин, 139) корпустарында асханалар, Студенттік клуб (Толстой, 99) жұмыс істейді. Тамақтану орындары жеке кәсіпкерлермен жалға алынады.

Асхана мен буфеттердің жұмыс уақыты студенттер мен профессорлық- оқытушылар құрамының ұсыныстары мен қалаулары бойынша құрылады. Кешенді түскі астың құны 300 теңгені құрайды. Ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балалар үшін тегін тамақтану – кешенді түскі ас ұйымдастырылады. Қызмет көрсету дәрежесі мен өнімдердің сапасын бақылауды жастар ісі жөніндегі комитеті, денсаулық сақтау пунктінің қызметкерлері және тәрбие жұмысы мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлімінің қызметкерлері тұрақты түрде жүргізеді. Тамақтану пунктінің жұмысының қорытындысы асханаларды тексеретін комиссияның, медициналық қызметкерлердің және жалға алушылардың жиналысында қарастырылады.

Асханаларды, буфеттерді жалға алушылар тендер шарттарын адал орындайды: астың сапалы дайындалуы (өнімдердің тазалығы мен балғындығы), тағамның кең ассортименті (1-ші, 2-ші тағамдар, салаттар, сусындар). Одан басқа жалға алушылардың міндеттеріне обьектіні тазалықта ұстау, екі жақтың келісімімен толық жөндеу жұмыстарын жүргізу кіреді.

Нормативтік құжаттар-стандарттар, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және нормативтік-құқықтық актілер жалға алушыларда толық көлемде болуы тиіс. Тағамдарды таратудың, ас өнімдерін сақтаудың талаптары, қызмет көрсетушілердің жеке гигиена талаптары сақталады.