Әлеуметтік-тұрмыстық жағдай

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің екі жайлы жатақханалары бар. № 2 студенттер үйінде әр бөлмеде 2-3 адамнан тұрады. Барлық бөлмелерде асүй бұрышы мен жеке санитарлық торап  жабдықталған. Студенттердің тұрмысын жақсарту мақсатында жатақханада wi-fi интернет желісі, заманауи кір жуатын құрылғылармен жабдықталған тазалық, кір кептіру және киім үтіктейтін бөлмелер бар. Ғимараттың екінші қабатында дәмхана орналасқан. Ішкі тәртіпті және санитарлық-гигиеналық нормаларды  қамтамасыз ету үшін комендант, кезекші қызметші (вахтер) және техникалық мамандар жұмыс жасайды. Студенттер үйі тәулік бойы күзет қарауында және видеобақылауда. Сондай-ақ, студенттік өзін-өзі басқару кеңесі мен олардың орынбасарлары тағайындалған. Күнделікті сағат 18:00-ден 19:30-ға дейін тәрбие және әлеуметтік сауалдар жөніндегі департаменті тексеріс жүргізеді. Ал айына 2-3 мәрте проректорлар мен декан орынбасарларымен жиналыстар өтіп тұрады.  

Университетімізде жетімдер қатарындағы студенттерге аса назар аударылады. Оқу жылының басында факультет декандарының жалпы мәселелер бойынша орынбасарымен бірге факультеттердің әлеуметтік-демографиялық паспорты құрылады, онда білім алушының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат болады.

Жетімдер қатарындағы студенттер

Жетім-студенттерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге жыл сайын ЖОО-ның асханаларында тегін тамақтану ұйымдастырылады. Сонымен қатар Павлодар қаласының білім беру бөлімінен  студенттерге жыл сайын қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру құжаты беріледі.

2012 жылдың 12 наурызынан бастап ҚР №320 қаулысы бойынша толық мемлекеттің қамтамасыз етумен білім алып жүрген студенттерді киім-жарақпен, төсек орынмен қамтамасыз ету туралы, тамақтануға жәрдемақы беру туралы және  соңғы курста бір мезгілдік қаржылай көмек көрсету туралы ректордың бұйрығы шыққан болатын. Оқу жылының басында бірінші курстың үш студенті киім-жарақпен, төсек орынмен қамтамасыз етілді. Жалпы шығын соммасы 373 200 теңгені құрады.

Ректордық жетімдермен жаңа жылдық кездесуі

2013 жылдың 23 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры және жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің дәстүрлі жаңа жылдық кездесуі өтті. Бұл кездесуде студенттер ректордың қолынын тәтті сыйлықтар мен 6000 теңге көлемінде көмек алған болатын. Ақшалай сыйлық университет қорынан алынған болса, тәтті сыйлықтар – С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Студенттік кәсіподақ ұйымының қорынан болды (2013 жылдың 12 қарашасынан № 6/1-07/641 «Жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің ректормен кездесуі туралы» С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығы). Жалып шығын соммасы – 534 000 теңге.

«Шапағат» акциясы

Жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерді қысқы киім-жарақпен қамтамасыз ету мақсатында университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамының арасынан «Шапағат» қайырымдылық қорына қаржы жинау дәстүрге айналып кетті.

Жиналған қаржы студенттердің санына байланысты факультеттердің арасында бөлінді.

2013 жылдың 7-17 қазан аралығында «Шапағат»  акциясы өткізілген болатын. Жалпы жиналған қаражаттың көлемі  - 707 350 теңге құрады (оның ішінде факультеттер – 427 650 теңге, құрылымдық бөлімшелер – 279 700 теңге жинады).

Студенттер үйі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1 жатақхана (Студенттер үйі, Толстой көшесі, 101) бар. Жатақханада тұру орнымен ең алдымен жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттер, грантта оқитын студенттер және де Қазақстанның басқа өңірлерінен келген студенттер қамтылады. Университеттің Ғылыми кеңесінің 2013 жылдың 29 тамыз айының шешімімен жетімдер қатарындағы студенттер университеттегі жатақханада тұру төлемінен босатылды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі мен Студенттер үйінің директорымен бірге әрдайым жатақханаға орналастыру жүргізіліп отырады. Бұл жыл сайынғы студенттер үйінің қызметкерлерінің күнделікті тексерісі мен жатақханадағы тәртіпті қадағалаудың салдарынан қорытындылап шығарылады.

Студенттер үйі тәулік бойы күзет қарауында және видеобақылауда болады. Студенттер үйінің ауласы көркейтілген: орындақтар тұрғызылып, гүлдер отырғызылған.

Студенттер үйінде көп жылдардан бері студенттік өзін-өзі басқару аясында – студенттердің қызығушылығын қамтамасыз ететін Студенттер кеңесі жұмыс істейді. Студенттер кеңесі студенттер үйіндегі тазалыққа, өзін-өзі басқарушылыққа үйретіп қана қоймай, студенттер үйінде тәртіпті қадағалаумен де айналысады. Сонымен қатар әртүрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, оларды жүзеге асырады.

Студенттер кеңесі Студенттер үйінің қызметкерлерімен бірге бөлмелерді бөлу, студенттерді көшіру сынды іс-шараларды атқарады. Кеңеске 13 адам мүшелік етеді (Кеңес төрағасы, Студенттер үйінде тұратын студенттердің оқуы мен тәртіптеріне жауаптылар). Жұмыс секторларға бөлінген: қоғамдық мерекелік іс-шаралар, спорттық, санитарлық және редакторлық сектор. Студенттер кеңесі жиналыс өткізетін және мәселелерді талқылайтын жеке бөлмемен қамтылған, сонымен қоса Студенттер кеңесі студенттер үйінің әкімшілігімен қатар блоктағы тәртіп пен тыныштыққа жауапты болып табылады.