С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім беру гранты туралы ақпарат (талапкерге)

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім беру гранты (осыдан ары - ПМУ білім беру гранты) С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру гранттарын беру ережесіне  және  университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде талапкерге  ПМУ-ға оқуға түскенде бір академиялық кезеңге беріледі.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне түскен кезде білім гранты келесі талапкерлерге беріледі:

1) «Алтын белгі» иегерлері;

2) 3 білім беру грантқа дейін этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен шетелдік азаматтарға беріледі;

3) профильды магистратураға  оқуға шарт бойынша 14 –тен кем емес  адамдарды тарта   білген  физикалық және занды тұлғаларға   + 1 грант беріледі; 

4) пәндік олимпиаданың облыстық туры және ғылыми жобалар сайыстарының  С. Торайғыров атындағы ПМУ  сертификаттарының жүлдегерлеріне 5-тен артық емес; 

5)  «Start up»  жобалар сайысы бойынша сертификат иегерлеріне.

 

Қабылдау комиссиясы, А-128 кабинет, 673-773, 673-674 телефоны арқылы хабарласыңыздар.