«Баянтау» демалыс үйі

2004 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкерлері, профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру үшін Павлодар облысының Баянауыл ауданының әдемі жерлерінде «Баянтау» демалыс үйі ашылды. Демалыс үйінің аумағында 160 орынға 8 корпус, асхана, медициналық пункт, күзет үйі, әкімшілік корпусы орналасқан. Ғимараттың жалпы көлемі 2694,1 кв.м. Қамтитын аумағы 6,64 га құрайды.

«Баянтау» демалыс үйінде спутникті теледидар құрылған. Демалыс үйінде кітапхана, медициналық пункт жұмыс істейді. Демалушыларға 4 мезгілдік тамақтану беріледі, белсенді демалыс, экскурсиялар, саяхаттар, спорттық және мәдени-қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Кешке демалушыларға арналған дискотека ұйымдастырылады.

Облыстық және республикалық көлемдегі түрлі бағыттағы жазғы мектептерді өткізу дәстүрге айналған.

Бұрынғыдай, қызметкерлерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, зейнеткерлерге жазғы уақытта жеңілдікпен демалу мүмкіндігі бар. Ағымдағы жылда жолдама құны қызметкерлерге – 3500 теңге, өзгелерге – 4500 теңге, балаларға – 3000 теңге (балаларға 7 жасқа дейін тегін). Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына және қызметкерлеріне арналған университет кәсіподағының жеңілдіктері ұйымдастырылады.