Жетекшісі: Дәрім Нұрқанат – физика, математика және информациялық технологиялар кафедрасының 3 курс студенті.

Мақсаты: Қоғамдық тәртіп күзеті

Міндеті: Заң күзеті және студенттердің заңдық қызығушылығы, тәртіп бұзушыларға қарсы ескертулерге ат салысу.

Қызметі: Облыс әкімі мен университет ректорының келісімімен, сонымен қоса Қазақстан Республикасының 04.07.2004 жылдан №590 «Қоғамдық тәртіпке азаматтардың араласуы»атты заңнамаға сәйкес университет қабырғасында Полицияға көмекші студенттер отряды құрылған болатын, бұны бағдарлаушысы С.Торайғыров атндағы ПМУ-дың тәрбие бөлімі мен әлеуметтік жұмыс бөлімі болып табылады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң студенттері әр апта сайын аумақтық потрульдеуге 3 сағаттан шығады. Студенттік отрядтар белгіленген жұмыс тәртібі бойынша 3 адамнан белгіленген жерге барып өз міндеттерін атқарады. Жұмысқа кірісерден бұрын және біткенне кейін олар негізгі тіркеу бөлімдеріне барып тіркеледі.

Осындай іс-шаралардың бірегейі профессор-оқытушылар, студенттер мен құқық қорғау органдарының оқытушылардың қатысуымен жыл сайын өткізіліп отыратын акция «Парасыз сессия».