Басшысы: Қожабаева Айжан Мұратқызы 

ШҚО волейбол чемпионы, интеллектуалды ойындардың жүлдегері. Елбасы атынан арнайы алғыс хатпен марапатталды. Туған өлкесінің спорт және білім саласына қосқан үлесі үшін аймақ әкімінің атынан арнайы медальмен марапатталды.

Факультет: Мемлекеттік басқару,бизнес және құқық, екінші курс, экономика мамандығы

Ұйым жайлы:

Мақсаты:

- ЖОО студенттерінің құқықтарын қорғау үшін арнайы жағдай жасау;

- Азаматтық, әлеуметтік, мәдени, спорттық, ғылыми, қайырымдылық,басқару және әлеуеттік ұсыныстарды іске асыру.

- Жастардың жан жақты дамуына жағдай жасау, түбегейлі жасатардың өздерін тәрбиелеуіне көмек көрсету.

- Жастардың заң алдындағы құқықтарын қорғау. Келіспеушіліктерді жоюға ат салысу.

Міндеті:

- мәдениетаралық және қоғамдық бірліктің тұғырын қалау.

- Жастардың интеллектуалды дағдысын дамыту.

- Жемқорлыққа қарсы түсінікті жастар арасына енгізу.

- Салауатты өмір салтына жастарды баулу.

- әлеуметтік, мәдени, спорттық, ғылыми, қайырымдылық шараларды ұйымдастыру. Жастардың тәжірибемен алмасуына және тығыз қоғамдық қатынаста болуына жағдай жасау.

Қызметі: Спорттық, әлеуметтік, мәдени, қоғамдық және басқада осы типтес салаларды саясатпен бірге өрбіте өркендету.