Академиялық ұтқырлық шеңберінде 2012-2013 оқу жылының 1 семестрінде Қазақстанның ЖОО-да білім алуға күндізгі оқу нысанындағы 1,2 курс студенттері кандидатураларын қабылдау жарияланады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талап академиялық мерзімнің аяқталуы кезінде үлгерімі жақсы болуы керек (академиялық үлгерім «A», «A-», «B+», «B», «B-»). Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер факультеттің бағдарлама координаторына академиялық мерзімнің басталуына 2 ай уақытқа дейін өтінішті нұсқа бойынша толтыруға тиіс.