ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жас ғалымдар мен оқу орындарының студенттеріне Қазақстанда және шет елдерде өткізілетін ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен Конгрестерге қатысуға мүмкіндік беретін «Сапарларға гранттар» байқауын жариялайды.

Байқауға қазақстандық жас ғалымдар – университеттердің оқытушылары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, PhD докторлар, магистрлер, жоғары оқу орындарын бітіруші курс студенттері (магистратура және бакалавриат) қатыса алады. Конкурстың материалдары (қағаздық және электрондық варианттары) 2012 жылдың 05 наурызына дейін инновациялар және жаңа технологиялар бөліміне (127 каб., ішкі 1286) қабылданады.

Конкурс туралы ережесі

Конкурсқа қатысушының мәлімдемесі