Орталық Еуропа университетіндегі (Венгрия) көктемгі әдістемелік семинарлар. 

Қатысушылар. Бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша жаңа оқыту бағдарламаларын әзірлеп немесе бар бағдарламаларды қайта қараудан өткізіп жатқан ЖОО факультеттері үшін Венгрия астанасы Будапешт қаласында орналасқан Орталық Еуропа университеті негізіндегі Әдістемелік ресурстар орталығы әдістемелік семинарлар ұсынып отыр.

Өткізілу мерзімі. Семинарлар 2012 жылдың сәуір мен маусым айлары арасында бір аптаға созылады.

Әдістемелік семинарлар оқыту жоспарларын дамыту, қайта қарастыру немесе үндестіру жөнінде жаттығу практикумдарын ұйымдастырады. Семинарға қатысушылар өздерінің жеке пәндерін қарастыруға және оларды мазмұны, деңгейі, әдістемесі, оқыту нәтижелері тұрғысынан үйлестіруге және оқыту желілерін жобалауды үйренеді. Семинар бағдарламаларын және мазмұнын жасауда семинарға қатысуға тілек білдірген факультеттердің сұраныстары есепке алынады. Семинарлардың нақты өткізілу уақыты қатысушы факультеттермен бірігіп шешіледі. Семинарлардың мерзімі мен мазмұнын қатысушылармен тез әрі кедергісіз келісу үшін сұраным нысанында бірнеше уақыт шеңберін көрсету қажет.

Үміткерлерді іріктеу. Қатысушылар тізімін юіберуші университет бектітеді, алайда олар Орталық Еуропа Университеті қойған талаптарға сай болуы қажет. Үміткерлер жеке және топтық сұраным нысанын толтырып, барлық қажетті құжаттады берілген мекен-жайға жіберулері тиіс. Соңғы шешім қабылданғаннан кейін Әдістемелік ресурстар орталығы топ басшысымен байланысқа шығып, семинарларды ұйымдастыру шарттары жөнінде келіссөздер жүргізеді.