2011 ж. 29 қыркүйегінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Павлодар облысы әкімшілігімен бірлесіп диалогтық алаң өткізді «Қазақстан-Сібір 2011» Халықаралық көрмесі шеңберіндегі «Мемлекет. Ғылым. Бизнес. Инновациялық ортаны құру мен қолдаудың аспаптары» Диалогтық алаңы Мемлекет. Ғылым. Бизнес үштігін қарқынды дамыту мәселелерін мақсатымен қарастырылды.

Диалогтық алаңда басымдылық бағытты жасау мен таңдау бойынша, мемлекеттің, ғылымның және бизнестің қарқынды интеграциясының ұйымдастырушылық механизмінің қазақстан мен Ресейдің экономика институттары ретіндегі концептуалды мәселелері талқыланды.

Диалогтық алаң жұмыстары мына бағыттар бойынша жүргізілді:

- «ҚР-ның инновациялық саясаты – интеграцияға курс»;

- «Инновациялық даму жағдайындағы мемлекеттің, ғылы м мен бизнестің қрқынды өзара қатынасының әлемдік тәжірибесі»;

- «Омбы облысы мысалында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының серіктестігінің жағдайы мен болашағы»;

- «Ғылым мен бизнесті дамытуды жеделдетудегі мемлекеттік инновациялық және инвестициялық потенциалдың қатысуы»;

- «Қазақстандық экспорттың қозғалысы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары»;

- «Бизнесті инновация және университет серіктестері арқылы дамыту»;

- «Мемлекет пен бизнестің өзара қатынасы – ҚР инновациялық индустриализациясының маңызды векторы».

Диалогтық алаң жұмысына қатысқандар: Павлодар облысы, ҚР басқа аймақтары, Ресей Федерациясының шекараға шектес облыстары мемлекеттік билік органдарының  өкілдері, «Қазақстан индустрия даму институты» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, ҚР ҰҒА,  «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚР Ұлттық банкі» Павлодар филиалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, Ақсу қалалық әкімдігі, «Богатырь көмір» ЖШС, «Ромат» ФК ЖШС, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» АҚ, ҚР және РФ шағын және орта бизнес өкілдері және т.б.

Толығырақ: Диалог алаңы «Мемлекет. Ғылым. Бизнес.Инновациялық ортаны құру мен қолдау аспаптары»

 Толығырақ: Инновациялық даму және ғылыми зерттеулер департаменті