2011 жылдың 7-8 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ, Турция, Шығыс Еуропа, Ресей және ТМД елдерінің аймақтық өкілдерінің қатысуымен презентация өткізілді.

«ELSEVIER – SCIVERSE HUB», EMERALD, Springer, ProQuest компаниясы, CRCnetBASE ғылыми дерекқорлар мен баспалардың өкілдері шетел баспаларда ғылыми басылымдар саласындағы жаңалықтар мен талаптарды назарға ұсынды.

Презентацияға өз ғылыми жетістіктерінің нәтижелерін шетелде жариялап, баспаға шығаруға қызығушылық танытқан университеттің жетекші ғалымдары, зерттеушілері, профессорлық-оқытушылық құрам белсенді қатысты.

Кездесудің аяғында тыңдаушыларға қызықтыратын сұрақтары бойынша баспа орталықтарының өкілдерінен толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді.