25.04.2011ж – 09.05.2011ж. аралығында INTEL® "Обучение для будущего" (XXI ғасыр білім беруді ақпараттандыру ортасында жобалық қызмет) бағдарламасы бойынша курстарға С. Торайғыров атындағы ПМУ Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті және Білім беруді ақпараттандыру орталығы шақырады.

ПОҚ, магистранттар және университет студенттері шақырылады. Курс аяқталғаннан кейін INTEL сертификаты беріледі. Оқыту қазақ және орыс тілінде тегін беріледі.

Курсқа жұмыс күндері сағ. 9.00-17.00, 22.04.2011ж  дейін А1-101 каб. жазылуға болады.

Орекенова Гүлзана Тынысбекқызына хабарласуға болады.