Шет елдегі студенттердің қатысуымен болған «Брейн-ринг» деген интеллектуалды ойын 2010 жылдын 12-ші ақпанында өтті. Бұл ойын ПМУ- дың 50 жылдығына, Ата занымыздың 15 жылдығына және Халықаралық Ынтымақтастық Департаментіне 2 жыл толғанына арналды.

Ойын өткізу мақсаты: қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімдікті одан әрі нығайту.

Бұл сайысқа 4 команда қатысты: «Дружба народов» (ПМУ колледжі) Ресей, «Бірлік» (Әзербайжан), «Алаш» (Монголия), «Наша Раша»  (Ресей).

3 күрделі рунд аралығында қатысушылар жеңіс үшін күштерін аямай көп жарысты. Әр комада 1-ші орын ұтып алғысы келді. Қатысушылар өздерінің тәүелсіз Қазақстан, оның тарихи, мәдени салалары, қазақтың салт-дәстүрлері туралы керемет білімдерімен таң қалдырды. Қазақ тілінде сөйлесуі де өте мықты болды.

Сайыста ерекше орын алған ұлттық тағамдарының көрсетілуі. Қатысушылар өзінің аспас шеберлігін толықтай іске асырды. Үстелге қуырдақ, ет, самса, бауырсақ, қымыз қойылды.

Раундтар арасындағы үзілістерде көрермендер тамаша көрініске ие болды. Дүркілдеген музыка, әртістердін ән айтуы, ұлттық билер және домбыранын әсем сазды үні бәріне жақсы әсер қалдырды.

Қазылар ауқасы нағыз профессионалды адамдардан құрылған. Олар: Молдахметова Г.З. (Халықаралық Ынтымақтастық Департаментінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМУ доценті), Зейнуллина А.Ф. (қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филолгиялық гылымдарының кандидаты), Батталов К.К. (тарих ғылымдарының кандидаты, тарих, археология этнология кафедрасының аға оқытушысы).

Біздің елде «Мен» және «Қазақстандық патриотизм» деген формула жұмыс істейді.

Біздің елбасымыз айтқанындай «Біз тәуелсіз Қазақстанды жасадық, енді қазақстандықтарды жасайық. Сонда қана тұрақтылықты, елдін гүлденуін сақтап қалуға болады.

Біздің мемлекет әр түрлі ұлттардың мәдениеттердің ортасы. Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады.