Академик С. Бейсембаев атындағы ҒК ғылыми-библиографиялық бөлімімен және университеттің «КЕРЕКУ» баспасымен бірлесіп библиографиялық құралдар шығарылды:

- «ПМУ ҒК кітаптарының жылнамасы 2008» - ПМУ ҒК қорына 2008 жылы түскен жаңа құжаттар туралы библиографиялық ақпарат береді (электрондық түрде ғылыми-библиографиялық бөлімнен алуға болады);

- «Күдерин Марат Қрықбайұлы» - «ПМУ ғалымдары» сериясы биобиблиографиялық көрсеткіші;

- «Сирек кітаптар коллекциясы» - библиографиялық көрсеткіштің екінші басылымы ПМУ ҒК қорындағы сирек кітаптардың құрылымы және мазмұны жөнінде ақпарат береді.

Көрсеткіштердің мазмұнымен академик С. Бейсембаев атындағы ҒК ғылыми-библиографиялық бөлімінен алып танысуға болады.