«Ана тілі аруы» байқауы

2009 жылдың 26 ақпанында С.Торайғыров атындағы ПМУ-де студенттер арасында «Ана тілі аруы» байқауы өтті.

Жыл сайын «Ана тілі аруы» байқауы патриоттық тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, сонымен қатар жастар арасындағы мемлекеттік тілді насихаттау мақсатымен өткізіледі.

Байқауға қатысушыларға келесі шарттар қойылды:

1) Таныстыру (мемлекеттік тілде өзі жайлы айту);

2) Ұлттық киімін көрсету (мемлекеттік тілде толығырақ сипаттау);

3) Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімді тексеру;

4) Қазақ жазышылары мен ақындарының шығармаларынан үзінділер оқу (проза, поэзия, таңдау бойынша кішігрім қойылым немесе өзі шығарған өлеңі) жатқа айту;

5) Ұлттық тағам дайындау (көрсету, мемлекеттік тілде толығырақ сипаттау);

6) Мемлекеттік тілде іс-жүргізу дағдылары.

Осы байқауға қатысқандар:

Каримова Дина – филология, журналистика және өнер факультеті

Амирова Айнара – С.Торайғыров атындағы ПМУ колледж

Саржанова Мадина – физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Сафонова Инга – қаржы-экономикалық факультеті

Сейфуллина Дамежан – сәулет-құрылыс факультеті

Катранова Гүлсезім – тарих және құқық факультеті

Сабитова Айым - С.Торайғыров атындағы ПМУ колледж

Шакарманова Жұлдыз - тарих және құқық факультеті

Ирманова Аида – филология, журналистика және өнер факультеті

«Ана тілі аруы» байқауының қорытындысы:

Гран-при – Амирова Айнара.

«Парасат аруы» – Ирманова Аида.

«Кербез аруы» – Сейфуллина Дәмежан.

«Сымбатты аруы» – Сафонова Инга.

«Сұлылық аруы» – Сабитова Айым.

«Ана тілі аруы» Республикалық байқауында Амирова Айнара (Ф-35 тобы) университеттің абыройын қорғайды.