1967 жыл - КСРО жоғары және арнайы білім беру министрлігі және ағарту саласы, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағының орталық комитеті президиумы Павлодар индустриалды институтын ЖОО студенттерінің еңбегін, тұрмысын және демалыс жағдайын үздік ұйымдастыруы бойынша жеткен табыстары үшін бүкілодақтық байқауда «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

1968 жыл - партияның обком Бюросы және депутатттардың облыстық кеңесінің атқарушы комитеті студенттік құрлыс отрядтарын құру және басшылық ету бойынша атқарған істері үшін және Ленин комсомолының 50 жылдығы және алғашқы студенттік құрлыс отрядтарының құрылғанына 10 жыл толуы қарсаңында Павлодар индустриалды институтының комсомол ұйымының партия обкомының және облыстық атқару комитетінің Қызыл Ту белгісімен марапаттады.

1981 жыл - Қазақстан КП ОК, КазСРО Министрлер Кеңесі, Қазақстан кәсіподақ ұйымы және ЖОЛК ОК 1981 жылдың қорытындысы бойынша республикалық әлеуметтік жарыста жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Павлодар индустриалды институты ұжымын Қызыл Ту белгісімен марапаттады.

1982 жыл - Павлодар индустриалды институты өнертапқыштық, рационализаторлық және патенттеу-лицензиялау жұмыстарының Бүкілодақтық байқауында 2 орынға ие болды, КСРО ЖООМин, ЖБИЖ Орталық Кеңесі, жоғары мектеп және ғылыми мекемелерінің ағартушы қызметкерлерінің кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

1989 жыл - «Өндірістік және азаматтық құрлыс» мамандығы бойынша «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» Бүкілодақтық олимпиадасында 2-орын алған Павлодар индустриалды олимпиадасының командасы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2001 жылы - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Омбы қаласындағы КВН ашық кубогының І дәрежелі Дипломымен марапатталды.

2002 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік құрлыс отряды Алматы қаласы 2001-2002 жылдарындағы СҚО мерзімінің жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін СҚО Республикалық слетінің ІІ дәрежелі «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2002 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік құрлыс отряды Алматы қаласындағы ІІ СҚО Республикалық слетінде үздік ән үшін марапатталды.

2003 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің КВН командасы «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кубогы» Республикалық фестивалінде Гран-при Дипломымен марапатталды.

2003 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Ресейдегі Қазақстан жылын өткізуге арналған Мәскеу қаласындағы Қазақстанның Ұлттық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2004 жылы - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасы 2004 жылы Новосибирск қаласында өткен Аймақаралық экологиялық-биосфералық Олимпиадасының «Экологиялық мәселелердің кешенді шешімі» байқауында І орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.

2004 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасы 2004 жылы Новосибирск қаласында өткен Аймақаралық экологиялық-биосфералық Олимпиадасына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2004 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Азия» дуэті «Вокал» номинациясы бойынша жеңісі үшін Алтай Республикасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

2004 жылы – қызметкерлер, ПОҚ және студенттерге арналған Баянауылдың тамаша, әдемі жерінде, Сабындыкөл көлінің жағасында «Баянтау» демалу үйі ашылды.

2005 жыл - Павлодар қалалық Мәслихаты С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін Павлодар қаласында білім жүйесін жетілдіруге қосқан зор үлесі, еңбек нарығының талаптарына жауап беретін біліктілігі жоғары мамандар дайындығы, жастардың мәдени демалысын ұйымдастырғаны және құрылғанына 45 жыл толуына байланысты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

23.01.2006 жылдың № 06.022.026 – ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты.

2007 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Павлодар қаласындағы инновациялық жобалар» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Павлодар қаласының инновациялық жобасының Дипломымен марапатталды.

2007 жыл - Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының Ассоциациясы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін студент жастарды грантық және шәкіртақылық көмек жөніндегі ІІІ Республикалық байқауында жұмыспен қамтамасыз етушілермен белсенді байланыс жасағаны үшін және демеушілік гранттар мен стипендиялар алуда байланысты белсенді түрде дамытқаны үшін Дипломмен марапаттады.

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығымен жүргізілген Қазақстан Республикасының жоо Басты рейтингінде еліміздің көпсалалы жоо ішінен 5 орын иеленді.

2008  жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Астана қаласындағы «ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым» атты 5 қазақстандық халықаралық көрмесінде білікті мамандарды дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды.

2008 жыл – «EUROPEAN QUALITY» («Еуропалық сапа») атты халықаралық белгі.

2008 жыл – «THE UNITED EUROPE» («Біріккен Еуропа») атты халықаралық белгісі университет ректоры профессор, экономика ғылымдарының докторы  Е.М. Арынға берілді.

2008 жыл – университеттің білім беру Интернет-порталы әзірленді.

23.01.2009 жылдың № 09.049.026 – ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты.

2009 жыл – ғаламдық Интернет желісінде білім беру Интернет-порталының орнығуы.

2009 жыл – Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойылды (Италия, Болон қ.).

2009 жыл – практиканың барлық түрлерін өту үшін және бітірушілерді жұмысқа орналастырудың 121 ұзақ мерзімді келісім шарт жасалды.

2009 жыл – Ф. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетінің негізінде «Қазақ тілі және мәдениет» кафедрасын құру.

10.03.2010 жылдың № 09.049.026 – ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты.

2010 жыл – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығымен институционалдық аккредитацияның соңғы фазасы.

2010 жыл – бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының («Экономика», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Мемлекетік және жергілікті басқару», «Туризм») және магистратура бағдарламалары («Экономика», «Менеджмент») бойынша ACQUIN (Германия) халықаралық аккредитацияның соңғы фазасы.

2010 жыл – PhD докторантура мамандықтарын («Педагогика және психология», «Тарих», «Саясаттану», «Экономика», «Биология», «Релелік қорғау және электротехникалық жүйелердің автоматизациясы») лицензиялау.

Республикалық көрсеткіштің орташасынан жоғары деңгейдегі АМБ тұрақты нәтижелері.

Халықаралық ынтымақтастық туралы 64 келісім-шарт, оның ішінде таяу шетелдермен 40 (Ресей, Кырғыз, Белоруссия, Латвия), алыс шетелдермен 24 (Моңғолия, Болгария, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Польша, Германия, Оңтүстік Корея, Италия, ОАР) жасалды.

  • Бакалаврларды:

- Экономика мамандықтары бойынша НОВА Замануи Бизнес Академиясымен (РФ, Новосибирск қ.);

- Экономика және техника мамандықтары бойынша MANCOSA (ОАР, Дурбан қ.);

- «Аударма ісі» мамандығы бойынша Халықтар достастығы Ресей университетімен;

  • магистранттарды:

- «Саясаттану» мамандығы бойынша Collegium Civitas (Польша);

- Экономика мамандықтары бойынша НОВА Замануи Бизнес Академиясымен(РФ, Новосибирск қ.);

- Экономика мамандықтары бойынша MANCOSA (ОАР, Дурбан қ.) MANCOSA;

  • PhD докторларды (3 бағдарлама):

- «Тарих» мамандығы бойынша Томск мемлекеттік университетімен (Ресей);

- «Тарих» мамандығы бойынша Кырғыз ұлттық университетімен;

-  «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Ресей мемлекеттік заманауи университетімен бірігіп даярлау туралы келісім-шартарға қол қойылды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ келесі қауымдастықтардың:

  • Студенттік сынақ істерімен алмасу жөніндегі халықаралық қауымдастығы – IAESTE (2003 ж.)
  • «Сібір ашық университеті» (2005 ж.) қауымдастығының
  • Университеттердің Халықаралық Қауымдастығының (2007 ж.)
  • Менеджменттің Орталық-Азиялық даму қоры CAMAN (2007 ж.)
  • Ресей Федерациясының электротехникалық ғылымдар академиясының (2007 ж.)
  • Қазақстан энергетиктерінің кеңесінің мүшесі болып табылады.

С. Торайғыров атындағы ПМУ:

  • ҚР инженерлік ғылымдарының Ұлттық академиясының Павлодар филиалы;
  • ҚР жаратылыстану ғылымдарының Ұлттық академиясының Павлодар филиалы болып табылады.

С. Торайғыров атындағы ПМУ «Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті» атты жобаға қатысу үшін энергетика бағыты бойынша ҚР базалық жоо ондығына кірді.

2004 жылдан бастап 23 халықаралық грант: оның ішінде 18 – выиграно 23 международных гранта в том числе: 18 – Турцияда, Германияда, Ұлыбританияда PhD магистратурада және докторантурада оқытады және «Болашақ» бағдарламасы бойынша  – 5 жеңіп алды.

Академик С.Бейсембаев атындағы ҒК кітапханалық қоры 900 000 жуық дананы құрайды және электронды және магниттік тасымалдаушылардан 2 500 дананы құрайды. 

Ғылыми журналдар – «ПМУ хабаршысы» (7 серия), «Қазақстанның ғылымы мен техникасы», «Өлкетану-Краеведение» басып шығарылады.

ҚР ЖАК ұсынылатын «ПМУ хабаршысы» журналының ғылыми басылымдарына мынадай сериялар кіреді:

  • филология (10.00.00 филологиялық ғылымдар);
  • педагогика (13.00.00 педагогикалық);
  • энергетика (05.00.00 техника ғылымдары); 
  • гуманитарлық (22.00.00. Әлеуметтік ғылымдар);
  • химиялық-биологиялық (02.00.00 Химиялық ғылымдар);
  • физикалық-математикалық (01.00.00 Физикалық-математикалық ғылымдар);
  • физикалық-математикалық (01.02.04 Өзгеретін қатты металл механикасы).

2005 жылы  ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері:

  • оқу үрдісіне 144 акт;
  • өндіріске 98 акт енгізілді.

Университет базасында:

  • 2005 жыл – «Ертiс» ғылыми-технологиялық парк;
  • 2009 жыл – Халықаралық нанотехнологиялық орталық;
  • 9 ғылыми-практикалық орталықтар ашылды.

Университетте 75 студенттік бірлестіктер және қауымдастықтар мен 15 студенттік ұйымдар әрекет етеді.

Университеттің мұражай кешенінде 11 экспозиция қызмет етеді.

2009 жыл – төрт шығармашылық ұжым «халықтық» атағын дәлелдеді.