Торайғыров университетінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында сөйлеген сөзін талқылау бойынша облыс ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.

Талқылауға ҚХА кафедрасының меңгерушісі Арман Ақышев пен ҚХА ҒАГ төрағасы Әсел Аманова қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірқатар тапсырмаларын айтты. Елдегі этносаралық қатынастардың тұрақтылығына қауіп төндіретін арандатушылық мәлімдемелермен күресуге ерекше назар аударылды. Барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруіне және білуіне баса назар аударылды.