Торайғыров университетінің қызметкерлері онлайн-семинарға қатысып, ғылыми мақала жазу әдістерімен танысты. Сонымен қатар, жоғары рейтингті журналдарға жариялау жағын қарастырды. 

Тренингті инновациялық-технологиялық парктің инженер-сарапшысы Тимур Тухфатуллин өткізді. Онлайн-семинарға шамамен 100 адам қатысты. ЖОО өкілдері спикермен бірге қызықты мақала жазып, қарапайым қателерді жібермеу турасында әңгіме қозғады. Сонымен қатар,  Тимур Тухфатуллин  жарияланым этикасы және баспалар туралы айтып өтті. 
Web of Science және Scopus-пен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. Бұл құралдар бүгінде ең танымал "дәйексөз индекстері" болып табылады.