Торайғыров университетінде диссертациялық кеңестер өз жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін докторанттар Майя Каюмова, Маргисат Сүйіндікова педагогика және психология бағыты бойынша қорғаудан өтті. Сонымен қатар, Жомарт Өнербек  академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде қорғап, математика бойынша PhD докторы болды. 
Жыл сайын біздің университеттің және басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарының  докторанттары қорғаудан өтеді.
Университетте биология, электр энергетикасы, көлік, көлік техникасы және технологиясы, металлургия, филология, педагогика және психология бағыттары бойынша барлығы алты диссертация жұмыс істейді.
Баршаңызды табысты қорғаумен құттықтаймыз!