Торайғыров университетінде Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай кездесу өтті.


 

Әншінің мерейтойына орай Қазақстанда #РозаБағланова100жыл атты жаңа челлендж іске қосылды.Бұл бастаманы ToU студенттері де қолдады. 

 

 ВО-201 тобының студенті Замира Евлоева талантты қазақ әншісінің репертуарынан танымал "Іңкәрім-ай" әнін орындады. 

 

Сонымен қатар, Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді. 

 

Қауымдастырылған профессор Ермұрат Төлегенов Роза Тәжібайқызы туралы естеліктерімен бөлісті.