Торайғыров университетінің стадионында жаңадан келген студенттерге арналған Денсаулық күні өтті.  

Жастар командалық жұмыс пен физикалық дайындықтарын көрсетті. 

Университет ректоры Еркін Садықов сөз алды: 

- Бүгінгі таңда спортпен шұғылдану - өмірлік қажеттілік. Өзгерістері көп заманда сергек болу маңызды, ол үшін физикалық тұрғыдан дайын болу керек. Бұл жерде студенттер бір-бірімен танысып, оқытушылармен жақынырақ араласады. Біздің Денсаулық күніміз - тимбилдинг іспеттес,  бұл шарада біз үлкен командаға айналамыз. 

Әр факультет өкілдері арқан тарту, футбол, волейбол және өзге спорт түрлері бойынша жарысты. 

Жеңімпаздарға пайдалы сыйлықтар табысталды.