Торайғыров университетінде магистранттарға дипломдар табысталды. Жас мамандарды факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен ата-аналар құттықтады.

Еске сала кетсек, биыл университетті 2680 студент тәмамдады. Олардың ішінде 2036 бакалавр 70 білім беру бағдарламасы, 627 магистрант 112 білім бағдарламасы және 17 докторант 15 білім беру бағдарламасы бойынша тәмамдады.