Торайғыров университетінде оқушылар мен студенттерге арналған SKILL CAMP лагері өтеді. Шараны ToU FM радиосының ұжымы өткізеді.

 

 

Лагерьде фото, SMM, гитара тарту, мафия ойыны, Genshin Impact, психология және өзге де бағыттар бойынша оқу жүргізілмек. Барлығы 15 бағыт қарастырылған.

Бұл жерде тақырыптық күндер өтеді, мәселен, қара киім мен көзілдірік киіп келуді мақсат ететін  «Total black» өтеді.

Басты мақсат - жаңа дағдыларды дамыту, университет талапкерлерімен кәсіби жұмыс атқару. Лагерь 21 маусым - 1 шілде аралығында өтеді. Жастар жасақтар бойынша бөлінді.

Лагерь жұмысы аяқталған соң қатысушылар сертификаттармен марапатталады.