Торайғыров университет Баянауыл ауданында туризмді дамыту бойынша ғылыми сүйемелдеуді жалғастыруда. Туристік саланың болашағын ToU басшылығы мен ғалымдары аудан басшысы Серік Батырғожиновпен және Баянауыл ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен талқылады.

Өткен жылы  Торайғыров университеті Павлодар облысында жыл бойы туризмді дамыту тұжырымдамасын ұсынды. Бұл стратегиялық құжатта Баянауыл ауданына ерекше көңіл бөлінген. Жаңа туристік маусымның басында университет басшылығы мен ғалымдары туризмді дамыту бойынша өз жобаларын ұсыну үшін аймақтың інжу-маржанына барды. Аудан әкімі Серік Батырғожиновпен кездесуде тараптар Баянауылда экологиялық және сакралды туризм сияқты бағыттарды жандандыру қажет деген қорытындыға келді. Бүгін Торайғыр ауылының қалай дамып келе жатқаны да талқыланды, ол ToU секілді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімімен аталады.

Сонымен қатар, университет делегациясы Баянауыл ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен әңгімелесті. Пікір алмасу дөңгелек үстел форматында өтті. Баянауыл ауданында бұрын Биоалуантүрлілікке талдау жүргізген ЖОО биологтары осы жерде дәрілік өсімдік шаруашылығын дамыту орынды деп санады. Алғашқы имидждік өнім ретінде ғалымдар «Баянтау аңыздары» атты көпфункционалды фитошайлардың топтамасын ұсынды. Экотуризмге келетін болсақ, ToU «Фитонимика» және «Этноботаника» бағдарламалары бойынша ұлттық парктің гидтері мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қолдау көрсетуге дайын. Кездесу соңында ғалымдар мен ұлттық парктің өкілдері одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты және мұндай өзара іс-қимыл барлығына пайдалы болатынына сенім білдірді.