Торайғыров университетінде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай мемлекеттік тілде жаппай диктант өтті. 

Өз сауаттылығын тексеруге 200-ге жуық адам келді. Олардың қатарында студенттер, магистранттар мен оқытушылар болды. Тексеру нәтижесінде 27 азамат диктанттарын «үздік» бағаға жазса, 72 қатысушы «жақсы» деген баға алды. Ал 75 адамға «қанағаттанарлық» деген баға қойылды. \

Диктант Қазақстан Республикасында тіл саясатын жүзеге асыру шеңберінде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылды. 

Өткен жылдары өткізілген жаппай диктантпен салыстырғанда, қазақ тілінде сауатты жазатындар саны артқан.