«Мәшһүртану» ғылыми-тәжірибелік орталығында «Мәдени ортаны қалыптастырудағы қазақ оюлары» атты дөңгелек үстел өтті. 

Қолөнер шебері, Ленин кентіндегі Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің «Алтын оймақ» үйірмесі мен №33 мектеп жанындағы «Сырғалым» үйірмесінің жетекшісі Ғалия Сұңғатова өнер бұйымдарының үлгілерін көрсетті. 

Музей кешенінің директоры Гүлнар Рақымжанова көшпенділер мәдениетінің сан алуандығы материалдық мәдениет бұйымдары арқылы көрініс табатынын жеткізді. Бүгінгінің мақсаты - мұраны сақтау. 

Талқылауға «Қамқор» ҚБ-нің жетекшісі Салтанат Сәрсенбаева және ҚР БжҒМ философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану орталығының директоры Алмасбек Шағырбай қатысты. 

Сарапшылар ұлттық біртектілік мәселелерін зерттеуді жалғастырып, ғылыми жобаларын жүзеге асырмақ.