Pavlodar Cyber Cup киберспорт бойынша облыстық турнир Торайғыров университетінің базасында «Креативті экономика» жобалық кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Тікелей трансляцияны өткізуге StudioKZ. техникалық қолдау көрсетті.

500 үздік киберспортшы 4  млн теңге жүлде қоры үшін бақ сынады.

FIFA дисциплинасы бойынша ақтық мәреге шыққандар:

3 орын – Балтабеков Исламбек. Жүлде қоры 75 000 теңгені құрады.

2 орын – Каирбеков Таймас. Жүлде қоры 100 000 теңгені құрады.

1 орын – Рахишов Тимур. Жүлде қоры 150 000 теңгені құрады.

DOTA2 дисциплинасы бойынша ақтық мәреге шыққан командалар:

3 орын – EVO командасы. Жүлде қоры 200 000 теңгені құрады.

2 орын – 4505 командасы. Жүлде қоры 300 000 теңгені құрады.

1 орын – Добрый бобр командасы. Жүлде қоры 500 000 теңгені құрады.

PubgMobile дисциплинасы бойынша финалист атанған командалар:

3 орын –  Nuzzyan Academy командасы. Жүлде қоры 150 000 теңгені құрады.

2 орын – Street8 командасы. Жүлде қоры 300 000 теңгені құрады.

1 орын – 103 Team командасы. Жүлде қоры 500 000 теңгені құрады.

CS:GO дисциплинасы бойынша финалист атанған командалар :

3 орын – DEADbl командасы. Жүлде қоры 200 000 теңгені құрады.

2 орын – 14 reg командасы.  Жүлде қоры 300 000 теңгені құрады.

1 орын –  teiko командасы. Жүлде қоры 500 000 теңгені құрады.

Финалистерді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Бейімбетұлы Шаяхметов құттықтады.

Облыстық Pavlodar Cyber Cup турниріне қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!