Торайғыров университетінің оқытушылары жас дарынды ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақыға ие болды.

Бұл- ғылыммен айналысып, нәтиже көрсетіп жүрген  азаматтар. Олар өз зерттеу нәтижелерін аймақта енгізуге дайын. "Көліктік техника және логистика" кафедрасының аға оқытушысы Рамис Зарипов пен «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Иван Раделюк стипендиялар иегерлері атанды.

Мемлекеттік ғылыми шәкіртақы университет қабырғасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Шәкіртақы Қазақстан бойынша ғылыми кадрларды даярлау, мемлекет үшін басым бағыттағы қолданбалы және іргелі зерттеулерге белсенді қатысатын 50 ғалымға тағайындалды.