Торайғыров университетінің болашақ дизайнерлері мен сәулетшілері суретші Өсербай Шұрановпен кездесті. «Шығармашылық шеберхана» жобасы аясындағы шеберлік сағаттары Beisembayev Library, Қазақстан суретшілер Одағы облыстық филиалы және әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, сәулет және дизайн кафедраларымен бірлесіп өткізілуде. Қауымдастырылған профессор Құралай Мұқышева шараның модераторы болды.

Өсербай Шұрановтың өнер әлемі - қазақ мәдени мұрасының бүгіні мен ертеңінің ерекше үйлесімі. Оның шығармаларында философиясы мен поэтикасы бар әлемнің жеке концепциясы көрініс тапқан. Қазақтың мәдени мұрасынан ажырамаған байланыс суретші шығармашылығының негізі болса керек.

Танымал қылқалам шебері сәулет және дизайн кафедрасының студенттерін сурет салудың жеке стилімен таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Түстерді таңдау, акварель техникасы бойынша тәжірибесімен бөлісті.