Торайғыров университетінде құқыққорғау органдары саласының қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Тақырып - этникааралық келісімді бекітудің саяси- құқықтық аспектілері және ықтимал текетірес жағдайларды шешу жөніндегі өзара қарым-қатынас.

Павлодар облысы бойынша ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айнұр Раисова, саяси ғылымдар кандидаты Ильдар Қалиев сөз алды.

Жиналған қауым қоғамдағы қақтығыстардың пайда болуы, дамуы және оларды күшейтетін дүниелер және ықтимал деструктивті әсері туралы талқылады.

Этникалық топтардың қатысуымен болатын қақтығыстарға түсінік беріліп, санаттары туралы толығырақ айтылды. Азаматтық сәйкестік, этносаясатты қалыптастыру және қақтығыстарды шешудегі психологиялық айкидо мәселелері талқыланды.